Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Мэттью Дж. Сейгерс

Еуразия энергетикасы бойынша басқарушы директор, Ресей мен Каспий аймағындағы Энергетикалық зерттеулер жүргізудің жетекшісі, IHS CERA

Мэттью Дж. Сейгерс – энергетика жүйелері, көліктік желілер және кеңестік дәуірден кейінгі республикаларды өңірлік дамыту  бойынша, соның  ішінде Еуразия елдеріндегіқұбыр желісі көлігінің бағыттарын таңдау   және қолданыстағы шектеулерді талдау бойынша кеңінен танымал сарапшы, сондай-ақ өңірдің энергетикалық саясаты бойынша маман.  

Д-р Сейгерс IHS CERA  өңірдегі мұнай және газ көлігінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ауқымды платформа - Еуразия елдеріндегі көмірсутекті тасымалдау бойынша форумын басқарады.  М. Сейгерстің соңғы шыққан зерттеу материалдары  Ресейде 2020 жылға дейін мұнай өндіру болжамдарын талдауға арналған   және елдің мұнай өңдеу саласында нарықтық реформа жүргізу мүмкіндіктерін, Ресей мұнай компанияларының тәжірибесін кеңейтуді, Қазақстанның мұнай нарығын, Ресей мен Еуропадағы жаңа құбыр жолдары жобаларын, ЖЭК саласындағы америка-ресей қатынастарын  және басқа да қиындықтарды   сипаттайды.

Оған қоса,  д-р Сейгерс  Халықаралық қайта құру және даму банкінің бірнеше тапсырмасын да орындады, Ресей мен Қазақстандағы мұнай құбырларымен айналысатын зерттеу және кеңес беру тобының құрамында жұмыс істеді. М. Сейгерс  Ресей ЖЭК арналған Халықаралық энергетикалық агенттіктің зерттеулерімен де айналысты, сонымен қатар  Украина энергетикасына шолуды  да әзірледі. Д-р Сейгерстің Вебер Мемлекеттік университетінің бакалавр  (үздік) дәрежесі,  Огайо шт. Университетінің магистры және ғылым докторы  деген атағы бар.