Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Джим Николсон

Аға вице-президент. Argus Media Ltd

Джим Николсон  өзінің еңбек жолын  2004 ж. наурызда Argus агенттігінде бастады  және өз еңбегінің басым бөлігін энергетикалық нарықтағы баға ақпаратын іздестіруге жарияланымдарға арнады. Сингапурдегі Argus агенттігінің офисінде жұмыс істей жүріп, Азия елдеріндегі алдыңғы қатарлы мақалалар мен бизнесті дамытуға байланысты барлық қызметтерге жауапты болады.

Ертерек Лондонның бас офисінде халықаралық бизнесті дамыту бойынша менеджер дәрежесінде жұмыс істеді және Argus агенттігінің ақпараттық жарияланымдарын дамытуға және осындай деректерді келісімшарттарға, атап айтқанда, көмір, табиғи газ, электр энергиясы және шығарындылар квотасы нарығына  байланысты келісімшарттарға пайдалануға жауапты болды.

Осы рөлде ол сұйытылған табиғи газ бойынща бөлімшеге (Argus Global LNG), биомассаға (Argus Biomass)  және  өзге қызметтерге қоса жүк тасымалдарына (Argus Freight), сонымен қатар қолда бар өнімдерді дамытуға жауапты болды.

Argus агенттігіне дейін  Сингапур мен  Вашингтонда жұмыс істей жүұріп ол  Platts, McGraw Hill Inc корпорациясының ақпараттық-энергетикалық агенттігінде әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.

Джим өзінің мансап жолын Reed Business Publishing баспасында журнал редакторы дәрежесінде бастады. Оксфорд  университетінің қазіргі заманғы тілдер бойынша магистрі дәрежесі бар.