Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Сауат Мыңбаев

Басқарма Төрағасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Сауат Мұхаметбайұлы 1962 жылы 19 қарашада дүниеге келген. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдап,  «кибернетик-экономист» мамандығын меңгерді. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдады. 1990 жылдың ақпанынан бастап 1990 жылдың қарашасына дейін  Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы.

1991-1992 жылдары «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасының президенті қызметін атқарды. 1992 жылдың шілдесінен 1995 жылдың қаңтарына дейін «Казкоммерцбанк» банкінің Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болды. 1995 жылдың қаңтарынан 1999 жылдың қаңтары аралығында келесі қызметтерді атқарды: Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары, ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы Қазынашылық комитетінің төрағасы (қоса атқарды), Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

1999 жылдың қаңтарынан 1999 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының Орынбасары қызметін атқарды. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болды. 2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың мамырына дейін - «Қазақстан даму Банкі» ЖАҚ Президенті. 2002 жылдың маусымынан 2003 жылдың маусымы аралығында «Каспий Өнеркәсіптік-Қаржылық Тобы» ЖШС-ның Бас директоры болды. 2003 жылдың маусымынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Орынбасары. 2004 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2006 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың тамызына дейін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы болып қызмет атқарды. 2007 жылдың 27 тамызынан – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі. 2010 жылдың 12 наурызынан 2013 жылдың 3 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі болып еңбек етті.. Қазір «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.