Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Мағзұм Мырзағалиев

Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі

1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

«Тұран» университеті (1999)

- Экономист

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясы (2003)

- Халықаралық қатынастар саласындағы маман

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (2010)

- мұнай-газ кен орнын өндіру

Еңбек жолы:

2001-2004 жж. – «MI Drilling Fluids International» (Schlumberger) Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер, АҚШ және Малайзияда тағылымдама.

2004-2007 жж. – өндіріс бойынша менеджер («MI Drilling Fluids International» Ақтау филиалының басшысы).

2007-2010 жж. – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010- 2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.

2012 – 2013 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың қазанынан бастап – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың тамызынан бастап – ҚР Энергетика вице-министрі