Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Игорь Лобовский

«Ғаламдық энергия» энергетика саласындағы халықаралық зерттеулер мен жобаларды дамыту қауымдастығының президенті

Игорь Лобовский 1955 ж. 24-шілдеде Москва қ. туған. Ол Москва байланыс және ақпарат техникалық  университетін (1977), Сыртқы сауда академиясын (1986), Ұлыбританияның Coventry Polytechnic University бизнес-мектебін «Халықаралық басқару тәжірибесі» курсы бойынша (1991), АҚШ-тағы әйгілі Duke University Fuqua School of Business «Бизнестегі бәсекелестік» курсы бойынша бітірді (1995).

Университетті аяқтаған соң 1977 жылдан бастап  Москва қалалық телефон желісінде инженерден бастап басшы қызметіне дейін еңбек етті. Бұрынғы КСРО-да шетелдік капиталы бар «Комстар» телекоммуникация компаниясын құру бойынша жұмыс тобын басқарды, оны құрған соң 1989 жылы басшысы болды.  Игорь Марковичтің басшылығымен және тікелей қатысуымен компания елде алғаш рет цифрлы телекоммуникациялық желі салынып, өз желісіндегі барлық абоненттерді автоматты халықаралық байланыспен қамтамасыз етті. 2001 және 2004 жылдары «ИМА-консалтинг» компаниясын басқарды.

2004 жылдан бастап «Ғаламдық энергия» энергетика саласындағы халықаралық зерттеулер мен жобаларды дамыту қауымдастығының президенті, “ Ғаламдық энергия”  халықаралық энергетикалық сыйлығының басқарушысы қызметтерін атқарады. Бұл Сыйлықты Ресей президенті жыл сайын  энергетика саласындағы ғылыми жетістіктер үшін береді. Ол 11 елдің 35 ғалымына берілді (31.07.2017 дейін). Кейбір шетелдік  журналистер оны «энергетикалық Нобель» деп атайды.  

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Игорь Лобовский – әлемдегі алғашқы телефон желісі базасында электронды дауыс беру жүйесін ойлап тапты  (өнертабыс патенті 2103734). Экономика, социология, телекоммуникация, энергетика жөніндегі бірқатар кітаптар мен мақалалардың авторы. Әлеуметік ғылымдардың кандидаты (1996).

НАГРАДАЛАРЫ

Мемлекеттік және салалық наградалары бар.

  • Бірінші ресейлік Қыран орденінің кавалері (1992);
  • Орыс православиелік Қасиетті Сергий Радонежский  шіркеуі  орденінің кавалері  (1999);
  • Ресейдің еңбек сіңірген байланыс қызметкері (2000г.);
  • Ресей Президентінің алғысымен марапатталған (2007, 2011);
  • «Отанға  сіңірген еңбегі үшін» орден медалінің кавалері (2012).