Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Оливье Лазар

«Шелл» Қазақстандағы концернінің Төрағасы

«Шелл» компаниясындағы кәсіби еңбек жолын Оливье Лазар Нидерландыда 1985 жылы кіші мұнайшы-инженер қызметінен бастады. Ұлыбритания, Габон, Брунея және Оманда шельфтік, сол сияқты құрылықтық жобаларда да жұмыс істеді.

2003—2006 жж. Азия-Тынық мұхит аймағында, атап айтқанда Австралияда «Шелл» бірқатар жаңа жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды басқарып, «Шелл» ШМГ өндірісі бойынша жаңа ғаламдық орталығын құруға жәрдемдесті.

2006—2012 жж.  АҚШ Хьюстон қ. Солтүстік және Оңтүстік Америка аймақтары бойынша «геологиялық барлау және өндіру» бөлімшесінде жаңа жобаларды бағалау және дамыту жөніндегі Вице-президент қызметін атқарды.  2013 ж. қаңтардан 2017 ж. қыркүйеккке дейін  “Шелл” Ресейдегі концернінің Төрағасы қызметін атқарды.  

2017 жылғы 1-қыркүйекте Оливье Лазар “Шелл” Қазақстандағы концернінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.  

Оливье Лазар –  Франция азаматы, ядролық физика саласындағы PhD ғылыми дәрежесі бар. Оливье Лазар орысша сөйлейді.  

Үйленген. Екі баласы бар.