Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Ремигиюс Лапинскас

Президент, Дүниежүзілік биоотын энергетикасы қауымдастығы

Ремигиюс Лапинскас Литва Республикасының «Литбиома» биоотын энергетикасы қауымдастығының құрылтайшысы (2004 ж.)  және президенті (2004- по 2014 г.) болып табылады. 2006 және 2010 ж. аралығында ол  екі рет Еуропа биомасса қауымдастығы (AEBIOM) басқармасының мүшесі болыптағайындалды.

Ремигиюс Лапинскас Литваның қатты биоотын өндірісі бойынша (ағаш жаңқасы мен түйіршіктері) ең үлкен компанияның құрушысы (2003 ж.)  және басқарма төрағасы (2003 және 2008 жж.) қызметін атқарды. Ол сонымен қатар биоотын жеткізу және логистикасы жүйесі саласындағы сарапшы болып табылады.

Қазіргі уақытта Ремигиюс Лапинскас әртүрлі өндірістік және сервистік компаниялардың инвесторы, басқарма төрағасы және басқарма мүшесі болып табылады. Ол мемлекет пен қоғамның әртүрлі саласындағы балансталған, тұрақты саясатының мүмкіндіктерін дамытатын Жасыл саясат институтының президенті болып табылады. 2016 ж. маусымнан бастап ол Литвадағы ENplus  сертификаттау жүйесінің қызметін «Литбиома» қауымдастығы басқармасының мүшесі ретінде дамыта жүріп, Дүниежүзілік биоотын энергетикасы қауымдастығының президенті    (World Bioenergy association – WBA) болып тағайындалды.


Білімі

1993 ж.- Вильнюс университетінің заң факультеті (магистр дәрежесі).

Қоғамдық ұйымдарға және қайырымдылық қызметтеріне қатысу

 «Ротари»  вильнюстық клубы – клуб мүшесі, бұрынғы президент.

Вильнюс университеті Заң факультетінің Алумни қауымдастығы – Кеңес төрағасы және басқарма мүшесі.


Саяси қызмет

Литва көк партиясы – Партия төрағасы.