Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Тимур Құлыбаев

KAZENERGY қауымдастығы

1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.  Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж).

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдаған, мамандығы – экономист (1988 жыл).

«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 ж).

Бірқатар ғылыми еңбектері бар.

Еңбек жолы:

1988-1990 жж. – ҚазССР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институты (ҒЗЭЖНИ).

1990-1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі ғылыми-кеңестік орталықтың директоры.

1992-1995  жж. – «Алтын-Алма» концернінің жетекшісі.

1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі несиелік комитетінің мүшесі, бақылаушы кеңесінің төрағасы.

1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының жетекшісі.

(төраға орынбасарының құқығында)

1997-1999 жж. – «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы істері жөніндегі вице-президенті.

1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» Мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» ЖАҚ президенті.

2001-2002 жж. – «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры. («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған).

2002-2005 жж. – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ бірігуінен пайда болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті.

2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

2006-2007 жж. – «Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқаратын «Самұрық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2011 ж. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.

2011-2014 жж. - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.

2005 жылдың 10 қазанынан бастап «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығына басшылық етеді.

2013 жылдың 9 қыркүйегінен бастап  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы.

Спорттық мекемелер:

2004 жылдан бастап «ҚР Ұлттық гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Федерация Кеңесінің құрметті мүшесі.

2009 жылдан бастап Қазақстан бокс федерациясының президенті.

2010-2015 жж – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы комитетіне мүше.

2011 жылдан бастап «Арыстан» (Талғар қ.) мамандандырылған лицейдің қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

2012 жылдан бастап Халықаралық бокс ассоциациясы(AIBA) атқарушы комитетінің мүшесі, вице-президенті.

2012-2016 жж бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қазақстандық конфедерациясының» төрағасы.

2014 жылдан бастап Ұлттық Олимпиада комитеттерінің қауымдастығына  мүше.

2015 жылдан бастап ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, ҚР ҰОК  атқарушы комитетінің төрағасы.

2016 жылдың сәуір айынан бастап Азия Олимпиадалық  кеңесінің вице-президенті.

2016 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасының  су спорты түрлері Федерациясының президенті.

2017 жылдың сәуірінен бастап – Халықаралық Олимпиадалық комитетінің бұқарамен байланыс және спорт арқылы даму комиссиясының мүшесі.

Халықаралық және шетелдік компаниялар:

2008 жылдын бастап – (World Petroleum Council)  Бүкіләлемдік мұнай кеңесі  қазақстандық ұлттық комитеттің  төрағасы.

2010-2014 жж. – Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастықтың іскер кеңесі  жөніндегі  тең төрағасы.

2011 жылдан бастап «Газпром» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстандық компаниялар  директорларының  кеңестері:

2006-2007 жж., 2008-2011 жж. -  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) директорлар кеңесінің төрағасы.

2006-2007 жж., 2009-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2008-2012 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2009-2011 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ  Директорлар кеңесінің төрағасы.

2009-2011жж. – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы марапаттары:

1.«Құрмет» ордені (2001 ж.)

2.Үшінші дәрежелі «Барыс» ордені (2009 ж.)

3.Бірінші дәрежелі «Барыс» ордені (2014 ж.)

4.«Қазақстан Конституциясына-10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.)

5.«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008 ж.)

6.«ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)

7.«ҚР Тәуелсіздігіне-25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.)

Ресей Федерациясы марапаттары:

1.«Дружба» Ресей ордені (2007 ж.)

2.Ресей мүфтилер кеңесінің «Әл-Фахр» ордені(2010-2016 жж.).

3.II дәрежелі «Русской Православной Церкви Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПШ, 2010 ж.)

4. «Құрметті теміржолшы» медалі (2011 ж.)

Қосымша мәліметтер:

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Хоббиі – гольф, тау шаңғысы, футбол.

Үйленген(жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева 1967 ж.т.), үш бала –  бір ұл, екі қыз (ұлы 1990 ж.т., қыздары 2004 және 2010 ж.т) тәрбиелеп отыр.