Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Балтабек Қуандықов

Президент. Қазақстан Мұнайшы-геологтар одағы

Балтабек Қуандықов Қазақстан Политехникалық Институтының мұнай факультетін үздік бітірді, маманыдғы бойынша геолог-мұнайшы, геология және минералогия ғылымының доктор дәрежесі бар. 1971 жылдан 1991 жылға дейін геология министрлігі жүйесінде түрлі қызмет атқарып, Қазақстанның солтүстігінде мұнай кен орындарын іздеу және барлау мәселелерімен тікелей айналысты. 1991 жылдан бастап Қазақстан Геология министрлігінің мұнай және газ басқармасының бастығы ретінде қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының геология Министрінің орынбасары болды.

1993 жылдан 1998 жылға дейін «Казахстанкаспийшельф» мемлекеттегі алғашқы мұнай компаниясының Президенті болып, танымал халықаралық мұнай компаниялары мен «Казахойл» Ұлттық компаниясының қатысуымен Каспий теңізінің қайраңында геологтық және барлау жұмыстарын ұйымдастырумен айналысып, Республикадағы барлық мұнай жобаларын басқарды. 1993 пен 1994 жылдары аралығында бір уақытта энергетика мен жанармай қоры министрінің орынбасары болды. 1998 жылдан 2001 жылға дейін АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Шеврон Оверсиз Петролеум» компаниясының оратлық офисінде ТМД мемлекеттері бойынша басты кеңесші ретінде қызмет атқарды. Одан кейін Канадалық «Нельсон Рисорис Лимитед» компаниясының президенті болды.

Балтабек Қуандықов қазіргі уақытта Меридиан Петролеум компаниясының мұнай активтерін басқарумен айналысатын жекеменшік компаниясының президенті, әрі Қазақстан Мұнайшы-геологтар одағының президенті болып табылады

«Құрмет» орденімен марапатталған және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнеркәсіп қайраткері болып табылады. 85-тен астам ғылыми мақала және еңбектерін шығарған, соның ішінде 10 монография.