Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Бақытжан Қажиев

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы

Жұмыс тәжірибесі:

1986 жылы  Алматы энергетика институтын электр желілері мен жүйелері мамандығы бойынша бітірген.

1986–1988жж. «Қазэлектроқұрылыс» ТСО Покровский ҚМУ электрмонтаждаушысы.

1989–1993жж. «Қазэлектроқұрылыс» ТСО Покровский ҚМУ электр жеткізу желілерінің құрылысы жөніндегі шебер, өндіріске даярлау тобының бастығы, бас инженер.

1993–2000жж. «Аманат» АҚ бас инженері.

2000–2003жж. «KEGOC» АҚ пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ЭЖЖ пайдалану бөлімінің бастығы, Пайдалану департаменті директорының орынбасары.

2003–2004жж. «KEGOC» АҚ Пайдалану департаментінің директоры.

2004–2007жж. «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры.

2007–2008жж. «KEGOC» АҚ Күрделі құрылыс департаментінің директоры.

2008–2009жж. «KEGOC» АҚ Атқарушы директоры.

2009 ж. ақпаннан бастап 2011 ж. мамырға дейін «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Вице-президенті.

2011 ж. 31мамырдан бастап — «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ БасқармаТөрағасы.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен (2010ж.)

«KEGOC» ААҚ грамотасымен (2001 ж.),

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің грамотасымен (2003ж.)

«ТМД Электр энергетикалық кеңесінің" грамотасымен (2004ж., 2009ж.)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сайлау кезеңіндегі кандидатурасын қолдағаны үшін Алғыс хатымен (2005ж.)

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» естелік белгісімен (2005ж.)

Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының грамотасымен (2009ж.)

Астана қ. ЕҚЫҰ Саммитін өткізуді ұйымдастыруға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2010ж.)

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен (2011ж.)

«Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен (2011 ж.)

«KAZENERGY» медалімен  (2012 ж.)

«Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2013 ж.) марапатталған.

2006 ж. «ТМД еңбек сіңірген  энергетигі» құрметті атағы, 2009 ж.  «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді.