Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Арман Қашқынбеков

Қазақстан Жаңармалы энергетика қауымдастығының Бас директоры. Вице-президент, Enzen

Арман Қашқынбеков  Қазақстанның Қарағанды қаласында  1977 жылы туған.

Арман  Қарағанды мемлекеттік университетін (Экономика бакалавры), Вандербилт Университетін (АҚШ, Болашақ президенттік бағдарламасы, Экономика Магистры) және  Норвегия мұнай директоратын аяқтады.

Қашқынбеков мырзаның мұнай-газ және тау-кен өндірісінде еңбек тәжірибесі бар : «ҚазМұнайГаз» ҰК аға менеджері, ConocoPhillips директорының Қазақстан бойынша орынбасары, KazEnergy атқарушы директоры, Rolls-Royce Energy бас директоры, «АрселорМиттал Теміртау» бас директорының орынбасары.

Арман сонымен қатар KazInvest президенті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ халықаралық департаментінің басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасының кеңесшісі  және ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің директоры болып қызмет етті.  

Қашқынбеков мырза қазақша, орысша, ағылшынша және неміс тілдерінде сөйлейді.

Арман Қашқынбеков «Болашақ»  бағдарламасы түлектері  қауымдастығының тең негізін қалаушысы (2001)  және Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Еңбек Даңқы  және Қазақстан магниткасына 50 жыл мемлекеттік медальдарымен марапатталған.