Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Ұзақбай Қарабалин

Төраға орынбасары, «KAZENERGY» қауымдастығы

Ұзақбай Қарабалин И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын “Мұнай мен газ кен орындарын игерудің кешенді механизациясы және технологиясы” мамандығы бойынша бітіріп, 1974 жылы осы институттың аспирантурысын тәмамдаған. Техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академияның академигі.

1974 жылы Ұзақбай Қарабалин Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Атырау обл.).

1981 жылдан Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1988-1990 жылдары Орал қаласының “Каспиймаңыгеология” бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылаудың техникалық ілгерілеуін жетілдіру басқармасының бастығы. 1990 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. 1991 жылы ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті болды (Алматы қ.). 1992-1994 жылдары ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы болды (Алматы қ.). 1994 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің және ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1997-200 жылдары Алматы қаласында “Қазақойл” ҰМК бірінші вице-президент қызметін, 2000 жылы Астана қаласында “ҚазТрансГаз” ЖАҚ президенті болды. 2001-2003 жылдары ҚР Энергетика және минаралды ресурстар вице-министрі, 2003-2008 жылдар аралығында “ҚазМұнайГаз“ Ұлттық компаниясы” АҚ президенті, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ   Бас  директоры қызметін атқарды. 2009 жылдың желтоқсаны мен 2013 жылдың мамырына дейін “Қазақ мұнай және газ институты” АҚ Бас директоры. 2013 жылдың мамырынан 2013 жылдың шілдесіне дейін “KAZENERGY” қоғамдық қорының президенті болды. 2013 жылдың шілдесінен  бері,  ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі болды. 2016 жылы 1 Наурыз күні «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол төмендігі мемлекеттік марапаттарға ие: “Отан” ордені (желтоқсан 2011ж.), “”Құрмет” ордені (2000ж.), 3-дәрежелі  “Барыс” ордені (2005ж.) мен қоғамдық марапат - “Лидер российской экономики” ордені (2005ж.). Ұзақбай Қарабалин мынадай атақтардың иегері: “Отличник разведки недр СССР” (1988ж.), “Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушы” (2003ж.), “ҚР құрметті спорт қайраткері” (2007ж.) және мемлекеттік “Қазақстанның еңбек ері” (желтоқсан 2011ж.) атағына ие.

Ол “Мұнай-газ теңіз кен орындарын пайдалану”, “Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау” кітаптарының, 50-ге жуық мақалалардың, монографиялардың, ғылыми зерттеу есептердің және 5 өнертапқыштық жаңалық авторы.