Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Жанин Джуда

Шеврон, SPE 2017 Президенті

Жанин Джуда Шеврон компаниясы тағайындаған SPE 2017 Президенті (Мұнай-газ өндірісі инженерлерінің қоғамы 2017) болып табылады. Шевронда жұмыс істей жүріп ол  Хьюстон, Техас  қалаларында орналасқан Шевронның Оңтүстік Африка бойынша  бөлімшесінің бас директоры қызметін қоса алғанда Chevron Environmental Management Company президенті және Chevron Energy Technology Company  кен орындарын игеру технологиялары мәселелері жөніндегі бас директоры сияқты басшылық қызметтерді атқарды. 1981 жылдан бастап  және шевронға келгенге дейін ол Мидленд  қ. Texaco  және  ARCO  компанияларында  іздестіру-барлау технологиялары саласында әртүрлі қызметтерді атқарды.

Джуда ханым  SPE компаниясында көптеген басшы қызметті атқарды, оның ішінде SPE халықаралық қаржы жөніндегі вице-президенті, Солтүстік Америка өңірінің Мексика шығанағы жағалауы бойынша директоры дәрежесінде Басқарма қүрамында, сонымен қатар Мексика шығанағы мен  Пермь  бассейніндегі бөлімшелердің басшысы болды.  2013 жылы ол SPE Құрметті мүшесі болды және 2010  жылы  оған көп еңбек сіңіргені үшін награда берілді. Өзінің SPE компаниясындағы қызметін   ол A&M Техас  университетінде студенттік қоғамның басшысы бола жүріп бастады.

Джуда  ханым  A&M Техас  университетінің мұнай-газ ісі бойынша бакалавры және магистры дәрежесін, сонымен қатар Техас  университеті Пермь  бассейнінің іскерлік әкімшілік магистры (MBA)  дәрежесін және  Хьюстон  университеті Заңгерлік орталығының юриспруденция докторы (JD) дәрежесін алған.