Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Бруно Жардэ

North Caspian Operating Company (NCOC) Басқарушы директоры

1980 ж. ол «Ecole Nationale des Ponts et Chaussees» халықаралық менеджмент мектебінде азаматтық объектілерді жобалау және құрылысын салу жобасында магистр дәрежесін алды. Ол өз еңбек жолын  Нормандияда Жером портында «ЭССО» мұнайды қайта өңдеу зауытында объектілер мен жобалар бойынша инженер ретінде бастады.  1986 жылы оны «ЭССО» компаниясының франция филиалына маркетингтік операциялар бөліміне ауыстырды, онда ол бірнеше жыл жұмыс істеп, «ЭССО Франс Моторвей» бөлшек сауданы дамыту бойынша басшы қызметіне дейін көтерілді.

1991 жылы Бруно Жардэ «Эксон» компаниясының америка филиалында маркетинг және тарату бөліміне орналасты. 1995 жылы ол  Францияға оралып, «ЭССО Франция» компаниясының барлау және өндіру бөлімшесінің жоба менеджері қызметін атқарды. Бұдан кейін ол «ЭССО» компаниясының Париж бассейнінде өндіру бойынша бөлімін және жоспарлау бойынша қосылған топты басқарды. 1999 жылы ол Техас штатына Хьюстондағы «Эксон» компаниясына оралды. 2001 жылы ол Мельбурндегі «ЭССО» компаниясының австралия филиалында объектілер мен жобалардың техникалық мәселелері бойынша лауазымына тағайындалды. Лагоста «Мобил Продьюсинг Нигерия» компаниясының жоба менеджері болып істеді. 2008 жылы ол Хьюстонға оралып, «ЭксонМобил Продакшн» орталық жобалық ұйымының құрамындағы басқа компанияларға операторлық ету бойынша менеджер болып жұмыс істеді.

2010 жылдың қазанынан бастап ол «ЭксонМобил Девелопмент» компаниясында жобаның аға менеджері лауазымын атқарды, СК ӨБК шеңберіндегі жобаларға жауап берді. Өз тағайындалуына дейін ол «ЭксонМобил Продакшн» компаниясының орталық жобалық тобының құрамындағы басқа компанияларға операторлық ету бойынша жобалардың менеджері болып табылады.

Бруно Жардэ 2012 жылдың желтоқсан айында «ЭксонМобил Казахстан Инк.» басқарушы директоры болып тағайындалды.

2015 жылдың қараша айында North Caspian Operating Company (NCOC) басқарушы директоры болып тағайындалды.