Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Құрманғазы Есқазиев

ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы)

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының оператор-коллекторы болып бастап, одан соң Тематикалық партияда инженер-геолог болып жұмыс істеп,  «Эмбанефть» ӨБ Тампонаждау мекемесінің цементтеу жөніндегі операторы болып еңбек жолын жалғастырды. 1991-1993 жж.- Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы №1 бұрғылау экспедициясының геологы,1993-1995 жж.- «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының геологы. 1995-2004 жж.- мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру және ұңғымағаларға күрделі жөндеу Атырау басқармасының бас геологы, директордың орынбасары, "Ембімұнайгаз"  ААҚ геология және мұнай-газ кен алаңдарын игеру департаментінің директоры. 2004-2008 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директордың орынбасары, кейіннен геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2008-2015 жж.- «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ  мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор,  геология, геофизика және резеруарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, геология және келешек жобалар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз,Қашаған,Қарашығанақ) бойынша басқарушы директор,   геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып еңбек етті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Геология және Жер қойнауын пайдалану Комитетінің Құрмет грамоталарымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2016 ж.), «Құрмет» орденімен (2016 ж.), «ҚР Жер қойнауының Үздік барлаушысы» атағымен, «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін  ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықпен  (2015 ж.) марапатталған. 

Геология-минералогиялық ғылымдар докторы, 12-ден астам ғылыми публикациялардың авторы, «Геологическое строение и перспективы нефтегазности Северного и Среднего Каспия» кітабының қосымша авторы.