Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Олафур Рагнар Гримсон

«Арктикалық орта» халықаралық форумының төрағасы. Исландия Президенті (1996-2016)

Олафур Рагнар Гримсон 1996 жылдан бастап  2016 жылға дейін 20 жыл бойы  Исландия Президенті болды; жалпы ұлттық сайлауда бес рет сайланды. Қазіргі уақытта  ол  Арктикалық өңір бойынша серіктестерімен бірге  2013 жылы өзі құрған  «Арктикалық орта» (Arctic Circle) халықаралық форумының төрағасы қызметін атқарады. Исландияда жыл сайын қазан айында өтетін Арктикалық орта Ассамблеясы   50 елден 2000-нан астам адам:  мемлекеттердің, үкіметтердің  басшылары, ресми тұлғалар, сарапшылар, ғалымдар, ірі бизнесмендер, жергілікті халық өкілдері, қоршаған  орта мәселелері бойынша мамандар, студенттер және басқалары қатысатын Арктикадағы жыл сайынғы ірі халықаралық шара болып табылады. Арктикалық орта сонымен қатар Аляскада,  Сингапурда, Гренландияда, Квебекте  және Вашингтонда форумдар өткізеді.

Президенттікке дейін  Гримсон мырза Қаржы министрі қызметін атқарды, Парламентке мүше болды, сонымен қатар Исландия университетінде бірінші Саяси ғылымдар профессоры болды.  1980-шы жылдары және  1990-шы жылдардың бас кезінде ол  «Ғаламдық іс-қимылдар парламентариясы» халықаралық заң шығарушылар ұйымының прездиенті қызметін атқарды.

Он шақты жыл бойы  Гримсон мырза ғаламдық климаттық диалогқа белсене қатысты және  өзі президент болып тұрғанда  Азияда, Африкада, Таяу Шығыста, Еуропада, АҚШ-та, Солтүстік және ОңтүстікАмерикада энергетика саласындағы жобалардың бастамашысы болып, алға бастырды; ең бастысы Исландияның жетістіктері мен технологияларын үлгі ретінде пайдаланды.  Қытайдың көптеген қалаларында таза энергия көздері негізінде қалалық жылу жүйелерін салу, әлемдегі ірі геотермалдық жобалар Sinopec компаниясымен әріптестік нәтижесі болды. Оған қоса ол  Абу-Дабимен таза энергетиканы дамыту бағдарламасы мәселелерімен тығыз әріптестік жасады, сонымен қатар ол Zayed Future Energy Prize сыйлығының қазлар алқасының төрағасы болып табылады.  Гримсон мырза БҰҰ және Дүниежүзілік банк құрған «Жалпыға бірдей тұрақты энергетика» бастамасының  консультативтік кеңесіне мүшелік етеді.  

Гримсон мырза сонымен қатар мұхиттар және теңіз ресурстарын тиімді пайдалануды дамыту мәселелері бойынша халықаралық әріптестікке қатысады.  Ол Индия Президенті табыстаған Неру атындағы халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге қосқан үлесі үшін сыйлығын қоса алғанда,  көптеген халықаралық наградаларды алды, сонымен қатар  ол көп елдердің университеттерінде лекция оқиды.