Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Скот Фостер

Директор, БҰҰ (БҰҰ ЕЭК) Еуропа экономикалық комиссиясының Тұрақты энергетика бөлімі

Скотт Фостер 2011 жылдан бастап БҰҰ (БҰҰ ЕЭК) Еуропа экономикалық комиссиясының Тұрақты энергетика бөлімінің директоры болып қызмет істейді.  Энергетика саласында 35 жылдан артық қызмет еткен Фостер мырзаның климаттың өзгерістеріне жататын стратегиялар мен нарықты әзірлеу және реттеу, энергетикалық саясат саласында үкіметпен, өндіріспен және халықаралық ұйымдармен жұмыс істеудегі тәжірибесі мол. Фостер мырзаның соңғы уақытта көп көңіл бөлген жұмысы мүдделі тараптарға тұрақтылықтың күрделі мәселелерін шешуге, технологияларды таңдауға және инвестицияларды мобилизацилауға көмектеседі. 2004 жылы өзі «Nomad Energy Consulting»  құрғанға дейін Фостер мырза AES корпорациясының жаһандық реттеу мәселелері жөніндегі вице-президенті, Cambridge Energy Research Associates (CERA) ғаламдық энергетика жөніндегі аға директоры және Халықаралық энергетикалық агенттіктегі электр бойынша аға сарапшысы қызметтерін атқарды. Фостер мырза  Дартмут колледжінің бакалавры дәрежесін, Стэнфорд университетінің азаматтық құрылыс саласындағы магистры және Калифорния Университеті – Берклидің МВА дәрежесін алған.