Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Тор Фаеран

Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Президенті

Тор Фаеран мырза 2017 жылдан бастап Дүниежүзілік мұнай кеңесінің  Президенті қызметін атқарады. Оған дейін ол Москвада және Стамбулда конгрестердің бағдарламалық мәселелері бойынша Вице-президенті қызметін атқарған. Ол Норвегияның Ставангер қ. Statoil компаниясының қызметкері болып табылады.  

Бұрын Фаеран мырза 1980 жылдан бастап Statoil компаниясында әртүрлі техникалық және басшы қызметтерді атқарды. 2007 жылы Индонезиядағы бөлімшенің жетекшісі қызметіне ауысқанға дейін ол Statoil экология және климат мәселелері бойынша аға вице-президенті, Норвегиядағы кен орындарды барлау және игеру бойынша аға  вице-президенті, сонымен қатар Таяу Шығыс пен Азия өңірі бойынша  вице-президенті болды.

Көп жыл бойы ол Норвегияның мұнай-газ саясатымен, Арктикадағы саясат мәселелерімен айналысты және 2002 жылы Норвегия Үкіметі құрған “ Арктикадағы саясат мәселелері бойынша сараптамалық комитеттің” мүшесі болды. Ұзақ жылдар бойы ол Норвегия мұнай өндірісі қауымдастығында Экология мәселелері және энергетика саясаты бойынша комитеттердің Төрағасы болды. Ол IPIECA (Қоршаған ортаны қорғау бойынша мұнай өндірісі өкілдерінің халықаралық қауымдастығы) Атқару комитетінің мүшесі, HERMES ғылыми кеңесінің мүшесі, сонымен қатар Еуропалық геоғалымдар мен инженерлер қауымдастығының (EAGE) және  Норвегия геологиялық қоғамының жұмысына қатысты.  

Фаеран мырза Норвегияның Бергена Университетінің геология саласындағы магистры дәрежесін алған, бұл оқу орнын ол 1980 жылы аяқтады. Үйленген, отбасымен Норвегияның Ставангер қаласында тұрады.