Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Нил У. Даффин

Президент. "ЭксонМобил Продакшн Компани"

Нил Даффин Шотландияның Сент-Эндрюс қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Эдинбургтегі (Шотландия) Хэриот-Уатт Университетін бітірісімен, ол өзінің еңбек жолын «Мобил Ойл» компаниясында бастады.  «Мобил Норт Си Лтд.» компаниясының бірнеше функционалды бөлімдерінде жұмыс жасап жүріп, 1983 жылы Лондон қаласына ауыстырылып, серіктес кен орындарын өңдеу жұмыстарын жоспарлаумен айналысты.  1986 жылы Даффин мырза су асты жұмыстарын жүргізу бөліміне Ұлыбританияның шельф секторында гидродинамикалық сынақ жүргізу жұмыстарының басқарушысы лауазымына ауыстырылды.

1989 -1998 жылдары аралығында Даффин мырза бірнеше лауазымдарда жұмыс жасады, оның ішінде, Солтүстік теңіздегі «Берил» кен орнында платформа менеджері болып, Еуропа мен Африкада өнім өндіру жөнінде кеңесші болып,  Солтүстік теңіздің солтүстік бөлігінде өндірістің және өнім өндіру жұмыстарының менеджері болып және «Мобил Норт Си Лтд.» компаниясының басқармасының өкілі болып жасады.

1998 жылы Даффин мырза «Мобил Ойл Индонезия» компаниясының вице-президенті болып тағайындалып, ел ішінде жүргізілетін барлау және өндіруге қатысты барлық шараларға жауапты болды. Екі жылдан соң Даффин мырза «ЭксонМобил  Девелопмент Компани» компаниясының вице-президенті болып тағайындалып, ТМД елдеріндегі және Таяу Шығыстағы жобаларды жүзеге асырумен айналысты.  2004 жылы ол «ЭксонМобил Продакшн Компани» компаниясының Африка елдері бойынша вице-президенті болып тағайындалды. 2006 жылы Даффин мырза «ЭксонМобил Девелопмент Компани» компаниясының атқарушы виц-президенті болып тағайындалды, және 2007 – 2016 жж «ЭксонМобил Девелопмент Компани» компаниясының Президенті болып жумыс атқарды

2017 жылының қаңтар айынан бері Даффин мырза «ЭксонМобил Продакшн Компани» компаниясының Президенті қызметін атқаруда.

Өзінің «ЭксонМобил Продакшн Компани» компаниясындағы негізгі жұмысынан басқа, Нил Даффин мырза, сонымен қатар, Америкалық және Ресейлік Іскерлік Кеңестіңжәне Хьюстондағы Бейнелеу Өнері Мұражайының Директорлар Кеңесінің мүшесі болып табылады. Нил мен оның жұбайы Марианның екі баласы бар.