Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Шухрат Данбай

Бас директор. «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ

Білімі

«Кайнар» университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты, іскери әкімшілік ету докторы (DBA).

Кәсіби тәжірибесі

Мұнай жеткізу және өңдеу, мұнай өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасы жөніндегі ірі коммерциялық құрылымдарды басқарды: «Қазтоммұнай» ЖШС, «Гелиос» ЖШС бас директоры, «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өндеу және мұнайхимия блогының атқарушы директоры, «Қазақстан – Отын Энергетикалық Кешені» ЖШС бас директоры.

2009 жылғы қыркүйектен бастап – «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ (2013 жылғы наурыздан бастап «ПМХЗ» ЖШС-ке қайта өзгертілді) басқармасының төрағасы (бас директоры).

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардағы коммерциялық есепті ұйымдастыру және қолданылу мәселесіне қатысты бірқатар мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Мұнай химияны және мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелеріне қатысты халықаралық және республикалық конференциялардың, семинарлардың, симпозиумдардың қатысушысы.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Министрліктерінің медальдарымен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды, Павлодар қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Шухрат Данбай - «Павлодар аймағының бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, «Ертіс» хоккей клубының президенті, «Нұр Отан» халық-демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты.