Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Лука Козентино

Энергетикалық шешімдер – Атқарушы вице-президент. Эни

1961 жылы 1-тамызда Венецияда туған, 2015 ж. 1-қарашадан бастап Энергия үнемдеуші технологиялар бойынша Атқарушы Вице-президент болып қызмет істейді.

Еңбек тәжірибесі
Лука Козентино Эниде 1986 жылдан бастап жұмыс істейді, өзінің кәсіби қызметінің бірінші жылдарында  Лука Модельдеу тобында кен орындарын игеру бойынша департаментте еңбек етті. 1992 жылдан бастап 1996 жылға дейін ол Италияда және шет елдерде кен орындарын игеру саласында әртүрлі өндірістік қызметтерді атқарды. 1996 және 2003 жылдар аралығында Лука Козентино Венесуэлада және Парсы шығанағында IFP (Француз мұнай институты, Франция) жобаларының менеджері болып қызмет етті.  Осы кезеңде ол IFP-те оқи жүріп,  кен орындарын біріктіріп игеруге арналған еңбектерін қоса алғанда, бірнеше техникалық еңбектерін жариялады.

2003 жылы ол Эни-ге Кен орындарын игеру бойынша  Департаменттің Менеджері дәрежесінде қайтып келді және 2004 жылы Коллекторды модельдеу бойынша департаментті басқарды. 2005 және 2010 жылдар аралығында Лука Козетино Ливияда Эни Солтүстік Африкадағы активтерін басқару және өндірістік операциялар жөніндегі менеджері болып еңбек етті, осыдан кейін Эни Ойл және кейінірек Меллита Ойл энд Газ Операциялық компаниясы Басқарушы комитетінің мүшесі болды.  2010 және 2013 жылдар аралығында ол  Эни Конго Басқаршу директоры болып қызмет етті.  2013 жылы Операциялық емес және арзандатылған активтердің құнын көтеру бойынша Аға Вице-президент болып тағайындалды.

1985 жылы Падуан университетін геология бойынша үздік дипломмен аяқтады.