Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Рае Квон Чунг

«Ғаламдық энергия» сыйлығын тағайындау жөніндегі халықаралық комитеттің мүшесі

Климат өзгерістері бойынша үкміетаралық сарапшылар тобының жұмысына қосқан үлесі үшін ғалымға 2007 жылы Нобель сыйлығы берілді. Рае Квон Чунг көп жылдар бойы БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунның климат өзгерістері мәселелері жөніндегі бас кеңесшісі  қызметін атқарды.

Қазір ғалым «Ғаламдық энергия» сыйлығын тағайындау жөніндегі халықаралық комитеттің құрамында  және  БҰҰ Бас Хатшысы жанындағы Су және табиғи апаттар бойынша көшбасшылар мен жоғары деңгейлі сарапшылар тобы төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады.

Доктор Чунг Рае Квон – дүниежүзіне танымал сарапшы және «жасыл дамудың» көрнекті жақтаушысы. Бұл тұжырымдама  - келешек ұрпақ үшін экологиялық балансты сақтап қалу арқылы экономикалық даму қағидатын ұстанатын тұрақты даму стратегиясын толықтырады.

Рае Квон Чунг энергетика саласындағы алдағы технологиялық ауысуларды  жаңа экономикамен және саясатпен тығыз байланыстырады. Ол «жасыл» инвестицияларға көшу нарықтың шарты емес,  саяси ерік-жігерге байланысты екеніне сенімді. Мемлекеттік институттардың сауатты іс-қимылдары, қысқа мерзімді пайдадан бас тарту және экологияны дамудың негізгі драйвері етуге бейімделу түрлі елдердің экономикасына бәсекелесуге мүмкіндік береді. Ғалымның бағалауынша, жаңа экономикалық шындық 2030 жылға қарай қол жетімді болмақ.