Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Крис Бернс

Журналист, Euronews

Крис Бернс – шыққан тегі француз,  американдық журналист  және Еуропа, АҚШ, Африка, Орталық Азия және Таяу Шығыста  25 жыл  бойы репортер   болып еңбек еткен  қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші. Ол әскери қақтығыстар, сайлау науқаны, қаржы дағдарыстары, табиғи және антропогендік апат және  кинофестивальдар туралы да репортаждар жасады.

Қазіргі уақытта Крис Бернс  CNN, Bloomberg TV және Associated Press  телеарналарында репортер болып еңбек еткеннен соң, Евроньюс телеарнасында  «The Network» («Желі») деп аталатын  хаттамасыз бағдарлама жүргізеді. Ол, сондай-ақ, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші, вилеобағдарламалардың медиа-тренері және продюсері болып істеді,  дүниежүзілік экономикалық форумды қоса алғанда, панельдік пікірталастардың модераторы болды.  

Крис Беркли қаласындағы Калифорния Университетін «Саяси экономия» мамандығы бойынша   бітірген.  Бес тіл біледі, АҚШ  және Франция қос азаматтығын  алған.