Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Кэролин Браун

Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі

Доктор Кэролин Браун Қазақстан Республикасында өз қызметіне 2013 жылы қаңтарда кірісті.

Доктор Браун өз қызметін 1985 Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінде бастады, кейіннен шет елдерде: Мәскеуде, Нью-Йоркте, Брюссельде жұмыс істеді   және  Бакуда  Ұлыбританияның Әзірбайжандағы елшісі қызметін атқарды.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі қызметіне тағайындалғанда Доктор Браун былай деді:  “Қазақстанда елші қызметін атқару мен үшін үлкен абыройлы іс,  мен 1989 жылдан бері бірнеше рет барған елге қайтып оралғаныма қуаныштымын.  Мен екі ел арасындағы қатынастарды бекіту әрі нығайту үшін Қазақстан үкіметімен және халқымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін  өз қызметімнің басталуын қуана-қуана күтіп жүрмін”.

2007 - 2011 Жоғары мәртебелінің Әзірбайжан Республикасындағы елшісі

2006 - 2007 Тілдерді зертеу бойынша тренинг

2005 - 2006 Ұлыбритания СІМ, Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі директордың аға кеңесшісі

2002 - 2005 Брюссель, Ұлыбританияның Еуропалық Одақтағы  Тұрақты Өкілдігі

2000 - 2002 Ұлыбритания СІМ, Адам Құқығы Саясаты департаменті, Басшы

1997 - 2000 Ұлыбритания СІМ, Оңтүстік Еуропа департаменті, Басшының Орынбасары

1993 - 1997 Ұлыбританияның БҰҰ-дағы миссиясы, Нью-Йорк

1991 - 1993 Ұлыбритания СІМ, Еуропалық Одақ  департаменті (Сыртқы саясат)

1988 - 1991 Мәскеу, Өкілдіктің Бірінші, кейіннен Екінші хатшысы

1986 - 1987 Еуропалық Одақ, Ирландия Республикасы жөніндегі департамент

1985 – Ұлыбритания СІМ қызметінің басталуы