Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Макс Брауерс

«Роял Датч Шелл плс.». Еуропа, Ресей және Каспийском өңіріндегі елдердің геологиялық барлау мәселелері бойынша вице-президенті

Макс Брауерс Нидерландының оңтүстігінде орналасқан Маастрихт қаласында туып-өскен. Геология  (Утрехт қ. университеті) саласында және  Роттердам басқару мектебінің МБА дәрежесі бар. «Шелл» концерніндегі 20 жылдық қызметінде үш құрылықта еңбек етті.  

Қазіргі уақытта Брауерс мырза Еуропа, Ресей және Каспийском өңіріндегі елдердің геологиялық барлау мәселелері бойынша вице-президенті болып табылады. Ол «Шелл» компаниясындағы қызметін  Лондонда  1996 жылы геофизик дәрежесінде бастады. Содан бері геологиялық барлау және коммерциялық блок мәселелеріне жетекшілік етіп, әртүрлі қызметтерді атқарды. Ол геологиялық барлаудың жаһандық стратегиясының басшысы және жаңа бизнесті жоспарлау және  дамыту үйлестірушісі қызметтерін атқарды. Латын Америкасы елдеріндегі барлау секторында әртүрлі позициялара жұмыс істеді.  Осыған дейінгі қызметі - Рио-де-Жанейрода Латын Америкасы елдеріндегі геологиялық барлау мәселелері жөніндегі Вице президент.

Өз міндеттері аясында Брауерс мырза игерілетін аумақтарда «Шелл» жаңа оффшорлық кәсіпорындарын құруға, техникалық емес тәуекелдерді және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді азайтуға, жүзеге асырылған жаңалықтардың игеру қызметіне тапсырылуына, сонымен қатар шектеулі даму мүмкіндіктерін іске асыруға жауапты болды. Ол  «Энтерпрайз Ойл» және «Би Джи» компанияларын сатып алу бойныша мәмілелерге қатысты, сонымен қатар Либра жобасы бойынша тендердің табысты өтуіне атсалысты.