Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Қанат Бозымбаев

Энергетика министрі, Қазақстан Республикасы

1969 жылғы 08-қаңтарда туған.

1993 ж. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының  «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау»  факультетін бітірген.

ТМД Еңбек сіңірген энергетигі.

1993 жылғы шілдеден бастап 1997 жылғы қыркүйекке дейін — Мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар.

1997 жылғы қыркүйектен бастап 1997 жылғы қарашаға дейін — ҚР Экономика және сауда министрлігі, аймақтық саясат бөлімінің бастығы.

1997 жылғы қарашадан  1998 жылғы қыркүйекке дейін  —«ҚазТрансОЙЛ» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы ЖАҚ,  жиынтықтау-қаржы департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президент.

1998 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейін — ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, мұнай және газ департаментінің директоры, Вице-министр

2001 жылғы ақпаннан 2001 жылғы мамырға дейін  -  «Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компания» ААҚ, Бірінші Вице-президент

2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы тамызға дейін —  «Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компания» АҚ, Президент

2007 жылғы тамыздан  2008 жылғы қазанға дейін — «Самұрық» Қазақстан мемлекеттік активтерді басқару холдингі» акционерлік қоғамы, Басқарма Төрағасы.

2008 жылғы қазаннан –  «Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компания» АҚ, Президент.

2009 жылғы қарашадан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды, 2013 жылғы 20-желтоқсаннан бастап — Павлодар облысының әкімі.

2016 жылғы 25-наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігін басқарады.