Cпикерлер

Қатысуға өтінім

Дик Бенсхоп

«Барлау және өндіру» сегментіндегі БК өндірістік тиімділік мәселелері жөніндегі Вице-президенті, Роял Датч Шелл

Дик Бенсхоп 2016 жылы 1-қаңтарда Гаага қ. (Нидерланды) офисі бар «Шелл» «Барлау және өндіру» сегментіндегі бірлескен кәсіпорындардың (БК) өндірістік тиімділігі мәселелері жөніндегі Вице-президенті болып тағайындалды.  

Бенсхоп мырза Абу Даби, Брунея, Дания, Мысыр, Италия, Қазақстан, Кувейт және Омандағы «Барлау және өндіру» сегментіндегі БК қоса алғанда, «Шелл» концерні БК шаруашылық қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша бағдарламаға жауапты болды.

Дик Бенсхоп 1957 жылы  Дриберген қ. (Нидерланды) туды.  Бенсхоп мырза  Амстердам Еркін университетінде тарихты зерттеді, ал оны бітірген соң Нидерланды голландық Парламенті және Лейбористер партиясында әртүрлі қызметтер атқарды.

1994 ж.  жекеменшік консалтингілік компания құрды.  1998 және 2002 жж. аралығында саясатқа қайтып оралып,  Нидерланды сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарады.

2003 жылы  Бенсхоп мырза  «Shell Energy Europe» компаниясының «Шелл» концерніндегі қызметіне кіріседі. 2006 жылдың бас кезінде Куала-Лумпур қ. (Малайзия) ауысады, гонда ол «Газ және энергия» бөлмшесінің қызметтерін басқарады. 2009 жылы  «Роял Датч Шелл» компаниялар тобының стратегияны дамыту жөніндегі Вице-президенті болып тағайындалады. 2011 жылғы 1-мамырдан бастап  «Шелл Нидерланды» компаниясының Президенті және директоры қызметіне және «Шелл» концернінің газ нарығын дамыту жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалады.