Маратбек Ғабдуллин

Маратбек Ғабдуллин

logo-youth-forum

МАРАТБЕК ҒАБДУЛЛИН

Ректордың м.а., «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Басқарма Төрағасы

Құрметті World Energy Week және XII KAZENERGY Жастар Форумының қатысушылары, ұйымдастырушылары мен қонақтар!

Қазақстан-Британ техникалық университеті атынан және жеке өз атымнан сіздерді энергетика саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылатын Форум жұмысының басталуымен құттықтаймын!

Жыл сайын Жастар форумына қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен студенттер мен жастар жиналады. Студент жастарды құттықтай отырып, Қауымдастық қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде жас таланттарды дамытуға KAZENERGY қауымдастығының қосқан зор үлесін атап өткім келеді.

Коронавирустық пандемия сияқты заманауи жаһандық сын-қатерлер, одан туындаған жаңа мүмкіндіктер – пандемиядан кейінгі кезең жағдайында құндылықтарды қайта пайымдау, Қазақстанның энергетикалық секторының басымдықтарын нақтылау және қауіп-қатерлер, тәуекелдер тұрғысынан одан әрі дамуы үшін және өсу бағыттарын айқындау үшін салмақты дәлел екені анық.

Құндылықтарды осылайша қайта қарау және жаңа идеялар мен кейінгі жобалардың пайда болуы бізді орнықты даму қағидаттарына сүйенетін және цифрлық технологияларға сүйенетін неғұрлым экологиялық және «жасыл» қоғам болуға ынталандырады.

Осыған байланысты, KAZENERGY Форумы халықаралық энергетикалық аренада ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететін, сондай-ақ осы бағытта жастар жобаларын іске асыру үшін жағдай жасайтын бірегей коммуникативтік алаң болып табылады.

Өз кезегінде біздің университеттің командалары тұрақты негізде түрлі бағдарламалық іс-шараларға, интерактивті пікірталастар мен зияткерлік конкурстарға белсенді қатысып тұрады. Биыл біздің университеттің атынан екі команда қатысып, финалға өтті.

Форумның жалынды қатысушыларына қызықты жобалар, жаңа серпінді идеялар мен шешімдер тілеймін, айқын мақсат пен асқақ ізденістер жолында табанды еңбек етіңіздер!

Құрметпен 
Ректордың м.а. (Басқарма Төрағасы)
М. Т. Ғабдуллин