Гүлзада Шакуликова

Гүлзада Шакуликова

logo-youth-forum

ГҮЛЗАДА ШАКУЛИКОВА

«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ ректоры

World Energy Week және XII KAZENERGY Жастар Форумының құрметті қонақтарын, ұйымдастырушыларын құттықтаймын!

Қазіргі дағдарыс шешімін табуды талап ететін көптеген мәселелерді алға шығарғаны бізге мәлім. Қоғамның уақыттың жаңа талаптары мен сын-қатерлеріне бейімделіп, жылдам өзгере білуі – елдің тұрақты дамуының жолындағы маңызды фактор болып отыр.

Бірегей диалог алаңы болып табылатын KAZENERGY форумы жастардың әлеуетін дамытуға өз үлесін қосады.

Форумның қорытындысы бойынша еліміздің энергетикалық секторының жаңаша дамуына серпін беретін тың идеялар мен жаңа мүмкіндіктер пайда болатынына сенемін.

Форумның қатысушыларына жемісті еңбек, өсіп-өркендеу тілеймін!

Құрметпен
С. Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры
Гүлзада Шакуликова