«Жастар – Энергия – Болашақ» шығармашылық конкурсы

Ережені жүктеу | Сауалнаманы жүктеу


Қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына және Жастар жылына арналған «Жастар – Энергия – Болашақ» атты шығармашылық байқаудың ЕРЕЖЕЛЕРІ

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

«KAZENERGY» Ассоциациясы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірге қазақстандық мұнайдың 120 жылдығы және Жастар жылы аясында «Жастар – Энергия – Болашақ» атты Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі 14-18 жас аралығындағы жас суретшілер үшін шығармашылық байқау жариялайды.

Қатысушылар Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін кеңейтіп, келесі тақырыптар бойынша өз көзқарастарын өнер арқылы білдіруге   шақырылады:

  • «Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің тұлғалары»
  • «Мұнай аймағының пейзажы»
  • «Болашақтың мұнай мен газы»

Ұйымдастырушылар: «KAZENERGY» Ассоциациясы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірге.

Қолдау көрсеткендер: Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары.

Байқаудың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының жастарының қазақстандық мұнай өндірісінің 120 жылдығы және Жастар жылы аясында өнер арқылы саланың тұрақты даму тәсілдерін іздестіру жолымен жас ұрпақты біріктіру.

Байқаудың міндеттері:

  • жас ұрпақтың Қазақстанның мұнай өндірісі тарихымен таныстыру;
  • жастардың қоршаған ортаны сақтаудың және орнықты дамуға жәрдемдесудің маңыздылығын көрсету;
  • энергия тиімділігін арттыру арқылы жауапты энергияны пайдалану мәдениетін дамыту;
  • дәстүрлі энергия көздерін дамытудың маңыздылығын түсіну;
  • жас ұрпақты еліміздің «жасыл» және жаңартылатын энергетикасын дамыту саясатына қатысты хабардарлығын арттыру;
  • жастар жылы аясында Қазақстанда жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • әлемдік қоғамдастықтың жас азаматтарын тәрбиелеуде үздік дәстүрлерін үздіксіз қамтамасыз ету;
  • қатысушылардың көзқарасын кеңейту, көркемдік қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсетуге мүмкіндік беру;
  • балалар мен жастардың шығармашылығын насихаттау және ілгері жылжыту;
  • мәдени әртүрліліктің барлық түрлерін көтермелеу және оларды ұлттық деңгейде көрсету;
  • қатысушыларды өнердегі жаңа әрі заманауи бағыттармен таныстыру;
  • Қазақстандағы әртүрлі өңірлерінде тұратын балаларды таныстыру және достық байланысты дамыту;
  • тәжірибе алмасу және кәсіби деңгейін арттыру;
  • «KAZENERGY» Еуразиялық форум аясында жастардың шығармашылығына кең халықаралық қоғамдастықтың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің назарын аудару;
  • жастарды білім беру және шығармашылық процесске тарту арқылы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу.

Өткізілу уақыты және орны: 15 шілде – 30 қыркүйек 2019 жылы, Қазақстан Республикасы.

Байқау кезеңдері:

Шығармашылық байқау 3 негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. Өтінімді және жұмыстарды жіберу. Жұмыстарды және қатысушылардың толтырылған сауалнамаларын (қосымша 1) ұйымдастыру комитетіне 1 қыркүйек 2019 жылына дейін жіберу қажет.

Мерзім: 15 шілде1 қыркүйек 2019 жыл.

  1. Қазылар алқасының жұмысы және жеңімпаздарды анықтау.

Мерзім: 2 – 6 қыркүйек 2019 жыл.

  • Жеңімпаздарды құттықтау және Нұр-Сұлтан қаласында өтетін KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 (KEW-2019) пен KAZENERGY XII Еуразиялық Форум аясында «Жастар – Энергия – Болашақ» атты қорытынды көрме.

Мерзім: 23-29 қыркүйек 2019 жыл.

«Жастар-ЭнергияБолашақ» байқауының 3 номинация бойынша жеңімпаздары салтанатты марапаттауға шақырылады және Нұр-Сұлтан қаласында өтетін  KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 (KEW-2019) көрмесінің құрметті қатысушылары бола алады.

Байқаудың барлық қатысушылары «Қатысушы сертификатына» ие болады, қорытынды көрмеге өткен финалистерге «Финалист дипломы», финалистердің жетекшілеріне «Алғысхат» беріледі, жеңімпаздар «Дипломмен», бағалы жүлделермен және Нұр-Сұлтан қаласына құттықтау салтанатына жолдамамен марапатталады.


БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

  • Байқауда 14 пен 18 жас аралығындағы жас суретшілер қатыса алады;
  • Байқауда қатысу үшін сауалнаманы толтырып (қосымша 1), жұмыспен бірге 1 қыркүйек 2019 жылға дейін кейінгі адреске жіберу қажет: Алматы қ-сы, 050046, Абай даңғ.159, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы;
  • Жұмыстардың тақырыптары:
  • «Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің тұлғалары»
  • «Мұнай аймағының пейзажы»
  • «Болашақтың мұнай мен газы»
  • Орындау техникасының категориялары:
  • Графика;
  • Кескіндеме;
  • Сәндік-қолданбалы өнер (панно): көркемдік керамика, ағашты, металды, теріні, батик, гобелен тағы басқаларды көркемдік өңдеу;
  • Витраж (акрилді әйнек);
  • Көркемдік сурет.
  • Көркемдік жұмыстардың өлшемі: А-1 (60 х 85 см) және А-2 (42 х 60 см).
  • Әр қатысушыдан орындау техникасының кез-келген санатында 3-тен артық жұмыстар қабылданады.

Ескерту:

  • Жұмыстарды құру кезінде әдеттен тыс тәсілдеме және заманауи технологиялар / материалдарды пайдалану ұсынылады.

ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Әр қатысушы қызықтырған барлық номинацияларда қатысуға құқығы бар.

№1 Номинация: «Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің тұлғалары»

Байқау қатысушылары қазақстандық мұнай өнеркәсібіне үлес қосқан тұлғалар арқылы мұнай саласының қалыптасуы мен дамуының тарихы туралы білімін жетілдіру ұсынылады. Номинацияның мақсаты мұнай саласына зор үлес қосқан тарихтағы тұлғаларды, оның ішінде көпшілікке таныс емес жұмысшыларды сақтап қалу, еліміздің мұнай өнеркәсібіне арнаған адамдарды және олардың жасаған жұмыстарымен таныстыру.

Ұйымдастырушылар тарихи тұлғалардың портреттерін немесе мұнай-газ саласының мекемелеріндегі жұмысшылардың кейіптерін әртүрлі техникамен (кескіндеме, графика, ДПИ т.б.) салынған суреттерді күтеді. Жұмыс диптих, триптих түрінде болуы мүмкін. Ерекшелік бағалынады.

 №2 Номинация: «Мұнай аймағының пейзажы»

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы – бай табиғи мұрасы бар, ресурстардың барлық түрлерінің, соның ішінде мұнай және энергетикалық ресурстары бар ел. Қатысушылар еліміздің мұнай және көмір қорларының негізгі қорларының орналасуы ретінде Қазақстанның мұнай аймағының (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары) табиғи байлығын және бірегейлігін көрсетуге шақырылады.

Ұйымдастырушылар табиғи және индустриалдық ландшафтарды, сондай-ақ әртүрлі техника мен жанрларда орындалған еліміздің мұнай өндіретін аймақтарының ерекшеліктерін көрсететін басқа тақырыптық композицияларды көруге үміттенеді.

№3 Номинация: «Болашақтың мұнай мен газы»

Байқау қатысушылары «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында өнеркәсіпті дамытудың жеке көзқарасын көрсетуі ұсынылады. Қазақстанды толығымен қолдап отырған, БҰҰ-ның тұрақты дамуын негіздейтін, адамның табиғатқа тигізетін негативті әсерін азайту және басқа да мәселелер шешімін табуды басты мақсат ретінде қарастырады.

Ұйымдастырушылар сіздерден цифрландыру төңірегінде Қазақстан мұнай-газ саласының болашақтағы дамуы жайлы және осы күнге дейін өнеркәсіптің даму қарқынын көрсететін шығармашылық жұмыстар күтеді.

Толық ақпарат жинау үшін немесе анықтама қажет болса, келесі сілтеме арқылы өтіңіз:  http://kazenergyforum.com/.


БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

  • өзіндік ерекшелігі;
  • тақырыптың мағынасын толық ашып, жеткізе білу;
  • айтылған ойды креативті жүзеге асыруы;
  • көркемөнер шеберлігінің негіздерін игеруі;
  • жұмыс орындалуының сапасы.

БОЛЖАМДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР:

  • көркемөнер білімі арқылы ЮНЕСКО-ның білім саласындағы қағидалары мен мақсаттарын насихаттау;
  • Қазақстандағы жарияланған Жастар жылы аясында елімізді шығармашыл-дарынды ұрпағын қолдау, олардың потенциалын арттыру, айқындау;
  • қатысушылардың жаңа технологиялар, тұрақты даму, энергия көздері және қоршаған орта жайлы білімдерін одан әрі тереңдету;
  • Қазақстанның 2000-нан аса жас талантты суретшілер қауымын қамту;
  • халық арасында Қазақстанның ғылыми-техникалық жетістіктері, тарихы, салт-дәстүрі және еліміздің мұнай-газ саласының заманауи даму үрдістері жайлы ақпараттандыру;
  • «Жастар – Энергия – Болашақ» байқауының финалистерінің жұмыстарынан қорытынды көрме ұйымдастыру және өткізу;
  • «KAZENERGY» XII форумының ресми тұлғалары, делегаттары мен қатысушылары қатысуымен конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі.

ЖҰМЫСТАРДЫ ЖІБЕРУ:

  • Байқау жұмыстары 1 қыркүйек 2019 жылға дейін қабылданады. Оларды жеке немесе пошта арқылы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясына ұйымдастыру комитетіне «Жастар – Энергия – Болашақ» байқау белгісімен жіберулеріңізге болады. Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, 050046, Абай даңғ. 159.
  • Байқауға жіберілген жұмыстар түпнұсқа, паспартусыз, орамға оралмаған, конвертке салынған болуы тиіс (пошта арқылы жіберілген жұмыстар жаншылған болмауы керек). Жаншылған жұмыстар қарастырылмайды.
  • Әрбір жұмыс электронды түрде толтырылған және басып шығарылған қатысушы сауалнамасымен бірге жүруі тиіс (қосымша 1).
  • Қатысушы сауалнамасын қайталап электронды поштаға жіберу керек – art.kazfuca@gmail.com
  • Байқауға жіберліген жұмыстар қайтарылмайды. Суреттердің және жұмыстардың кейінгі пайдалануға қайтарымсыз ерекше құқығы «KAZENERGY» Ассоциациясына және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясына өтеді.
  • Байқауға қатысушылар ұсынылған туындыларға барлық авторлық құқықтар тек қана өздеріне тиесілі екенін растайды және осы ақпаратты пайдалану үшінші тұлғалардың мүлкін және / немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайды;
  • Байқауға қатысушылар конкурсқа жіберілген жұмыстар бұрын осындай басқа да жобаларға қатыспағандарын растайды;
  • Байқауға қатысушылар ұйымдастырушылардың іріктеуге ұсынылған жұмыстарды жариялауға және одан әрі пайдалануға келіседі.

! – ӨТІНІМДІ ЖІБЕРУДЫҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ – 1 ҚЫРКҮЙЕК 2019 Ж.


БАСҚА ШАРТТАР:

  • Байқауда қатысу тегін;
  • Жеңімпаздардың қорытынды іс-шараларға Нұр-Сұлтан қаласына бару жолы (теміржол билеті), тамақ және тұру, сондай-ақ кездесулер мен шығарып салу ұйымдастырушылар есебінен жүргізіледі;
  • Жетектеуші адам – жеңімпаздың оқытушысы / тәлімгері немесе ауыстыру жағдайында – жауапты мұғалім;
  • Байқауда қатыса отырып, конкурсқа қатысушы осы Ережеде көрсетілген байқаудың барлық ережелерін және шарттарын сақтау міндеттемесін растайды;
  • Қатысушылар ұсынған барлық жеке және / немесе басқа ақпарат шынайы, дәл және кез келген тәсілмен жаңылыстырмауы керек;
  • Байқауға қатысу үшін дұрыс емес немесе жалған ақпарат ұсынған үміткерлерге Ұйымдастырушылар жалпы іріктеуден алып тастауға құқылы;
  • Байқауға қатыса отырып, қатысушы байқауға қатысу үшін ұсынылған жеке деректерді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы фото материалдарды орналастыруға келісімін растайды.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы

Тел.:  +7 727 394 32 32, +7 700 394 32 32

E-mail: art.kazfuca@gmail.com


ЖҰМЫСТАРДЫ ЖІБЕРУ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының ұйымдастырушы комитеті

Алматы қ-сы, 050046, Абай даңғ. 159

тел.: +7 727 394 32 32, +7 700 394 32 32

E-mail: art.kazfuca@gmail.com

белгі: «Жастар – Энергия – Болашақ» байқауына.