Жаңартылатын энергия көздері бойынша саммит

Ережені жүктеу | Сауалнаманы жүктеу


Картинки по запросу фонд первого президента рк

ЖЭК III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІ KAZAKHSTAN ENERGY WEEK ФОРУМЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және KAZENERGY қауымдастығының қолдауымен Kazakhstan Energy Week 2019 шеңберінде 2019 жылғы 25 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Жаңартылатын энергия көздері бойынша III Саммит өтеді.

Саммит мақсаты – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың «оң» және «теріс» жақтарын талқылау, сондай-ақ еліміздің және барлық дүниежүзілік қоғамдастықтың «жасыл» болашағын жасауға үлес қосудың ең үздік идеялары мен тиімді шешімдерін іске асыру.

Сонымен қатар Жоба Қазақстанға пікір және тәжірибе алмасу үшін халықаралық әзірлеушілерді, инвесторлар мен жаңартылатын энергия көздері саласындағы технологияларды жеткізушілерді, сондай-ақ бүкіл дүниежүзіден жетекші мамандарды тарту бойынша стратегиялық міндетті шешеді.

Саммит ұйымдастырушысы «жасыл» экономиканы дамытуға мүдделі компанияларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры Саммиттің қосалқы ұйымдастырушысы болады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы жүзеге асыратын Kazakhstan Energy Week 2019 (KEW-2019) шеңберінде өтеді.

Қатысушылар Қазақстанда және дүниежүзінде жаңартылатын энергетиканы дамытудың стратегиялық маңызды және өзекті мәселелерін талқылады, оның ішінде:

  • Жаңартылатын энергетика болашағы: жаһандық тенденциялар мен қазақстандық тәжірибе.
  • «Жасыл» қаржы және «жасыл» экономика: микрогенерация арқылы жергілікті контентті дамыту
  • ЖЭК жобалық аукционы: нәтижелері мен перспективалары
  • Best Cases: Қазақстанда және дүниежүзінде ЖЭК саласындағы барынша табысты жобалар рейтингі

Сонымен қатар Саммит шеңберінде әлеуетті инвесторларға ЖЭК саласындағы стартап-жобалардың арнайы презентациясы өтеді. Қазіргі уақытта қатысушылардың өтінімі жиналуда, одан кейін Ұйымдастыру комитеті барынша перспективалы қатысушылардың тізбесі жасалады, олар өздерінің әзірлемелерін іс-шара шеңберінде ұсына алады. Осы секцияда қатысу өтінімін беру мерзімі – 1 тамызға дейін.

ЖЭК Саммитіне қатысуға тіркелу іс-шараның ресми сайтында www.resummit.kz жүзеге асырылады.

Қатысу мәселелері, сондай-ақ демеушілік және әріптестік интеграциялар бойынша байланыстар:

Ботагөз Тоқтар

ұялы тел.: +7 702 714 68 19

Айжан Болат

ұялы тел.: +7 701 222 36 85

e-mail: info@resummit.kz, botagoz@antmedia.kz

БАҚ үшін байланыстар:

Айдана Ибраева

ұялы тел.: +7 702 667 07 00

e-mail: media@resummit.kz