SPE симпозиумы

Симпозиум бағдарламасы


SPE cимпозиумы: Каспий өңірінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік 

Өткізу күні және орны:  2019 жылғы 24 – 25 қыркүйекте, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және KAZENERGY қауымдастығының қолдауымен Kazakhstan Energy Week 2019 өткізу шеңберінде 2019 жылғы 24-25 қыркүйекте Нұр-Султан қаласында Каспий өңірінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік SPE симпозиумы өтеді.

Симпозиум туралы:

Соңғы бес жыл ішінде біз энергетика өнеркәсібінде болып жатқан айтарлықтай өзгерістерді байқап келеміз. Құн тізбесінің қатысушылары мұнай нарығының жаңа бағалық конъюнктурасына және табыс алу мақсатында кез келген мүмкіндіктерді пайдалану және құнды тиімді басқару үшін инновациялық стратегиялар мен процестерді әзірлеу жолымен технологиялық прогресс жетістіктерінің қарқындылығына бейімделуде.

ҚМГ компаниясы өзінің коммерциялық қызметінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында айтарлықтай прогреске жетті. Еңбекті қорғаумен, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғаумен (ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ) қатар тиімділіктің артуы, шығынның төмендеуі, мұнай берудің ұлғаюы да байқалады, осылайша, қосымша табыс артады, сондай-ақ командаларды ынталандыру атады, өнімділік және қоршаған ортаға қатысты әлеуметтік жауапкершілік жақсарады. Алайда мұнай-газ өнеркәсібі кез болатын ағымдағы жағдайда бұл жеткіліксіз. «әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік» ұғымы осы «санатқа» жауапкершіліктің бірқатар мағыналарымен және салаларымен енгізілді.  

Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, әрине, экология (су ресурстарын пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу, әлеуметтік салаға инвестиция жасау, әлеуметтік жобалардың ұзақ мерзімділігі мен адамның амандығы), NOC көмірсутектер үшін энергетика кешенінде лайықты орын қорғап қалу қабілеттілігі мәселелерін қамтиды, бірақ «Пайдалануға лицензия беру» барынша маңызды болып табылады.

Осы симпозиумда ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тиімділігін арттыру үшін озық тәжірибелерімен, заманауи тәсілдерімен және инновациялық қолдануларымен бөлісу үшін барлау және өндіру, тасымалдау және өткізу секторларының бейінді мамандары және жергілікті, өңірлік, дүниежүзілік сарапшылар кездеседі. 

Қатысушылардың саланың беделді көшбасшылары мен бейінді сарапшыларынан бағалы ақпарат алуға, осы өнеркәсіп денсаулық сақтау, қоршаған орта қауіпсіздігі мен оны қорғау салаларында озық қатарда қалайша қалады деген сұрақтарға қатысты мәселелерді, қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа әдістерін, сәйкестілік стратегиялары мен тәсілдерін  бірлесіп қарауға мүмкіндігі болады.

Негізгі тақырып: Нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізу.

Мұнай-газ өнеркәсібі тұрақты өзгеріп жатқан экономикалық жағдайда болады, мұнда тиімділікті арттыру және айтарлықтай артықшылықтарға қол жеткізу үшін жиналған тәжірибе мен инновацияларды тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі корпоративтік ортада ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ және әлеуметтік-экологиялық жауапкершілік мәселелері іскерлік белсенділіктің басқа да аспектілері арасында бірдей рөл атқарады. ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ және әлеуметтік жауапкершілікті басқару  ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ жоғары тиімділігіне қол жеткізу және қолдау мақсатында адамның іс-қимылдары және мәдени аспектілер сияқты факторлардың барынша кең шеңберін қосу үшін жүйелердің, процестердің және құзыреттілік аясы шегінен шығады, бұл активтер құнын арттырып, табысты көбейтеді. Алдыңғы қатарда болу – бұл алдағы оқиғаларды алдын ала көрі қабілеттілігі ғана емес, болашақ үшін икемді шешімдер де жасау.

Симпозиум туралы барынша толық ақпарат іс-шараның ресми сайтында www.spe.org орналасқан.