Жастар форумы туралы

Қатысуға өтінім

2017 жылы 7-8 қыркүйекте  XI Еуразиялық  KAZENERGY форумы шеңберінде  IX Жастар форумы өтеді.


 «KAZENERGY» Жастар форумы, ол:

  • келешекте энергетика саласының көшбасшысы болатын үш жүзден астам мүдделес жастардың бас қосуы;
  • мемлекеттік органдардың, әртүрлі елдердің жастар ұйымдарының өкілдерімен және ірі халықаралық энергетикалық компаниялардың басшыларымен кездесу үшін жастарға берілетін ерекше мүмкіндік;
  •  жастар үшін өзекті мәселелерді талқылау және көптеген қызықты ақпарат алу  мүмкіндігі.


«Learning for Life» форумның негізгі тақырыбы.

Форумның мақсаты жастар арасында үздіксіз білім алу мәдениетін тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру, жұмыс орнында білім алу және жеке даму бойынша пайдалы құралдар мен ұсыныстар беру.

 Әлемдегі VUCA (volatility (тұрақсыздық), uncertainty (белгісіздік), complexity (күрделілік)  және ambiguity (әркелкілік) заманында өмір бойы үздіксіз білім алу қажеттілігі және маңыздылығына байланысты Форумның тақырыбы «Learning for life»  деп аталды. Өмір бойы білім алу,  жұмысқа тұру, кәсіби мансабын өсіру үшін маңызды және бірқатар ғалымдардың пікірінше адамның денсаулығы мен әлеуметтік толыққанды өмір сүруі үшін де маңызды. 2025 жылғы деректерге сай технологиялық инновацияларға байланысты қазіргі қолданыстағы жұмыс орындарының 50% қажетсіз болып қалады. Тіпті бұл цифр шамадан артық болжамданғанымен, қазіргі уақыттағы экономикалық жағдай бұрынғы заманға қарағанда жылдам өзгеріп жатқаны анық.  Жасанды интеллект, робототехника, аутсорсинг сияқты  үрдістер жұмыс сипатындағы тұрақты ығысуларды білдіреді. Мұндай жағдайда бәсекеге қабілеттілік  үздіксіз білім алу мен жеке дамуды қажет етеді.


IX Жастар форумының бағдарламасы мынадай шараларды қамтиды:

  • «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы;
  • қазақстандық жас ұрпақпен, жетекші стартаперлермен Talk Show;
  • Шеберлік  класы: «Жеке тиімділікті арттыру = баланс  және үйлесім (to be confirmed)»;
  • мұнай-газ саласының белді тұлғаларынан менторинг;
  •   «BRAIN RING» зияткерлік турнирі.


IX Жастар форумының модераторлары

Алина Абдрахманова - Қазақстандағы Geneva Business School өкілдігінің директоры және негізін қалаушы, Geneva Business School қаржы магистрі, Швейцария
Алмас Тогай - Журналист, тележүргізуші, «Хабар24» республикалық телеарнасындағы «Мәдениетке саяхат» бағдарламасының редакторы


Жастар форумының ақпараттық кітапшасы