Көрме туралы

DIGITAL ENERGY ИНТЕРАКТИВТІ КӨРМЕ

Көрмені өткізу мақсаттары:

  • Энергетикадағы жаңа технологиялық жетістіктерді жаһандық қолдану нәтижелерін көрсетуге арналған алаң;
  • Келіссөздер жүргізуге, инновациялар, жоғары технологиялық өнім мен инвестициялық қызметтер трансферіне, сондай-ақ оларды энергетикалық нарыққа жылжытуға арналған платформа;
  • Қоғам өміріндегі энергия мен энергоресурстарының мәні мен маңыздылығы үшін танымды функция.

Көрме дәстүрлі емес форматта өтеді. Заманауи технологиялар мен әзірлемелердің, даму және инновациялық инфрақұрылым институттарының көрме экспозициясы кластерлік қағидаты бойынша «нүктелік» форматта қалыптасатын болады. Әлеуетті әріптестермен байланыс орнату және дамыту үшін коммуникациялық аймақтар ұйымдастырылатын болады.

Қонақтарға іс-шараға қатысудан көп ақпарат алуға, ал қатысушы компанияларға өз өнімін барынша тиімді етіп көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа интерактивтік формат (виртуальды шынайылық, толықтырылған нақтылық, жасанды интеллект, блокчейн) ұсынылады.

Интерактивті ақпараттық жүйеге мыналар кіреді:

  • Жанды 3D дисплейі/қабырға – үш өлшемді презентациялардың жаңа технологиясы, ол 3D Пойнтер атты арнайы сымсыз қондырғы арқылы толығымен басқаруға болады. Презентацияларды көрме қатысушылары ұсынады. Бұдан басқа кіші форум іс-шараларын өткізу уақыты мен күнін, баспасөз релиздерін, Форум іс-шараларынан ақпараттық агенттіктердің жаңалықтарын қоса отырып, Форум туралы негізгі ақпаратты дисплейге шығаруға болады.
  • Виртуальды 3D конструктор – қатысушыны компанияның/өнімнің виртуальды әлеміне тарту үшін ең ұтымды шешімдердің бірі. Оны көрме стендінің интерактивті бөлігі ретінде пайдалануға ыңғайлы. Оның көмегімен арнайы интерактивті жүйемен байланысты қарапайым үстел үстінде көлемді виртуальды объектілерді «айналдыруға» болады.
  • 3D визуальды онлайн-көрме. 3D виртуальды технология мен ақпараттық онлайн-жүйесіне негізделеді, көрмені кез келген уақытта интернет арқылы көруге мүмкіндік береді. Қатысушылар панорама режимінде көрмені қашықтан көре алады.