Визалық қолдау

Қазақстан Республикасына виза визалық қолдау рәсімі негізінде беріледі. Бұл рәсімге қабылдаушы ұйымнан ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасына қатысушының болжанатын кіру күнінен екі аптадан кешіктірмей ресми шақыруды ұсыну кіреді. Бұл құжатты қараудан кейін ҚР СІМ қатысушылар виза ала алатын Қазақстан Республикасының тиісті елшілігіне / консулдыққа рұқсатты жібереді.

Қазақстан Республикасының елшілік / консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтары визаны Астана және Алматы қалаларының әуежайларына ғана келген соң алады. Келу бойынша визаны алу үшін жоғарыда көрсетілген рәсім арқылы визалық қолдау нөмірін алдын ала алу қажет екендігіне назар аударыңыз. Визалық қолдау нөмірі көрсетілген ресми бекітілген шақыру көшірмені ұсынбай Сіз Астанаға жүретін ұшаққа отыра алмайсыз.

Визаны алуға өтініштің толтырылған нысанын danabolat@kazenergy.com  электронды поштасына жіберу қажет.

 Күнге дейін созылу мүмкін. Визалық қолдау нөмірімен электронды хабарлама алғаннан кейін Сіз Қазақстан Республикасының Елшілігіне / Консулдығына жолығып, келесі құжаттарды ұсынасыз:

  1. Қолданылу мерзімі Сіздің сұратып жатқан визаңыздың қолданылу мерзімінен кем дегенде үш айдан ұзағырақ болып табылатын төлқұжатыңызды;
  2. 3,5 см x 4,5 см бір түсті фото;
  3. Виза алу үшін толтырылған өтініш нысанын;
  4. Іс-шараларға қатысу үшін шақыру көшірмесін;
  5. Визалық қолдау нөмірі көрсетілген шақыру көшірмесін.

Визаны қарау мерзімі 7 күнге созылу мүмкін.

Қазақстан Республикасымен төлқұжаттар түрлері бойынша визалық режим туралы келісімге қол қойған елдер тізімі сілтемесі бойынша қолжетімді.  

БҰҰ төлқұжаттарының иелеріне Қазақстан Республикасына кіру үшін виза керек емес.

Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Қытай, Куба, Македония, Марокко, Пәкістан, Тайланд Түрікменстан, Филиппин, Черногория, Шри-Ланка азаматтарына және қызметтік төлқұжаттары барларына виза қажет емес.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төменде көрсетілген 61 ел азаматтары үшін мемлекеттік шекарадан өткеннен соң күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге бір тарапты негізде визасыз режим орнатылды:

61 ел тізімі:

ТМД елдері: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина.

Еуропа және Америка елдері: Австрия, Аргентина, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Мажарстан, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Америка Құрама Штаттары, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эквадор, Эстония.

Аустралия және Мұхит аралдары елдері: Аустралия, Жаңа Зеландия.

Азия және Африка елдері: Гонконг, Израиль, Корей, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірлігі, Сингапур, Туркия, Жапония.

Иордания, Лихтенштейн, Оман, Қатар және Сауд Арабиясы азаматтары үшін визалық қолдау нөмірі қажет емес, олар өз елдеріндегі Қазақстан Республикасының елшілігіне / консулдығына виза алу үшін тікелей жолыға алады.

Бұдан басқа 2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасында шетел азаматтары үшін электронды форматта бір жолғы виза ресімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Электрондық виза (іскерлік) KazEnergy-ден қолданыстағы шақыру негізінде ресімделеді (толтыру үшін нысан). Барынша толық ақпарат сілтеме  бойынша жарияланған.

Шетелдіктер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларының рұқсат беру пункттері арқылы ғана қолданыстағы электронды визасын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан кіре алады/шыға алады.

Іскерлік электронды визалар 23 мемлекет азаматтарына ресімделеді:

Багам аралдары, Бермуд аралдары, Бурунди, Гондурас, Гренландия, Индонезия, Қатар, Кувейт, Лаос, Макао, Марокко, Ватикан, Вирджиния аралдары, Вьетнам, Гаити, Камбоджа, Куба, Македония, Никарагуа, Оман, Сербия, ОАР, Черногория.

Электронды визаны ресімдеудің қадамдық алгоритмі:

  • электронды виза алу үшін vmp.gov.kz визалық-көші-қон порталының сайтында тіркелу қажет;
  • тіркелген соң электронды виза алу талаптарымен таныстыру қажет;
  • шақыру нөмірін енгізіп (шақыру нөмірі Қазақстан Республикасына шақырушы тарапқа жіберіледі), визалық сауланаманы толтыру қажет;
  • консулдық алымды төлеу;
  • электронды визаны басып шығару қажет (виза жеке қабинетте жасалып, сауалнаманы толтыру кезінде көрсетілген электронды поштаға жіберіледі);
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында төлқұжатты бақылаудан өту кезінде электронды визаны көрсету қажет.

Қазақстанға кірген кезде сізге көші-қон карточкасы беріледі, ол, әдетте, жолаушыларға кіру рейстерінде немесе келу пункттерінде беріледі. Көші-қон картасы Қазақстанда болған кезде сақталып, кеткен кезде қайтарылады.

Елге 5 күнге келетін шетел азаматы Қазақстанның ұлттық шекарасынан өткен кезде бес күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастыру комитетіне көші-қон полициясының жергілікті бөліміне тіркелу үшін өтініш беру қажет.

Көптеген қонақ үйлер осы қызметті ұсынады және бұл үшін 20-30 доллар алады. Алайда, егер сіз жеке пәтерде немесе кішігірім қонақ үйде тоқтасаңыз, мұндай қызмет көрсетіле ме әлде көрсетілмейтіндігін алдын ала тексеріңіз.  Қандай да бір мәселелер туындаса, Ұйымдастыру комитетімен байланысыңыз.

*Ескертпе: жоғарыда көрсетілген 61 елдің, сондай-ақ Беларусь, Бразилия, Иордания, Лихтенштейн, Оман, Қатар, Ресей Федерациясының және Сауд Арабияның азаматтары 30 күнге дейін тіркелуден босатылады.

Виза алу жөніндегі барлық мәселелер бойынша danabolat@kazenergy.com, +7 7172 79 49 80 байланыс телефоны бойынша жолығуға болады.