Құттықтау хаттар

Қатысуға өтінім

Тед А. Этчисон

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры

Құрметті  Форум қатысушылары!

 «Теңізшевройл» ЖШС атынан XI Еуразиялық KAZENERGY форумына қош келдіңіздер дегіміз келеді!

«Болашақ энергиясы»   EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өтетін бұл форум оның басты оқиғаларының бірі болатынына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасының энергетика саласының табысты дамуы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласын жетілдіру, кадрлардың даму прогресі және жергілікті үлесті ұлғайту нәтижесінде іске асырылғаны сөзсіз. ТШО осы нәтижелерге үлес қосқанын мақтаныш тұтады.

2017 жылы ТШО 1993 жылы негізі қаланғалы бері өндіру көрсеткішінің 3 миллиард баррель мұнайға жеткенін атап өтті. Біз ТШО барлық қызметкерлері мен серіктестері атынан  Теңізді игеру ісінде сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасына ризашылық білдіреміз.

ТШО-ның Қазақстан Республикасының экономикасына қосқан үлесі  121 млрд. АҚШ долларын құрайды. Өткен жылдардағы инвестициялар және болашақ ұлғайту жоспарлары да қазақстандық кәсіпорындар мен жергілікті қоғамдастықты дамытуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда ТШО өзінің тұтастай қызмет ету тарихында  қазақстандық компаниялардан 22,9 млрд. АҚШ доллар сомасында тауарлар мен қызметтер сатып алды және 1,3 млрд. АҚШ долларын Атырау облысының халқы мен қызметкерлерге арналған әртүрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсады.

2016 жылы ТШО серіктестері Болашақ ұлғайту жобасын – Сағалық қысымды басқару жобасын (БҰЖ-СҚБЖ) қаржыландыру туралы қорытынды шешімді бекіткені туралы жариялады, бұл жобалар Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықты қазіргі заманғы технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып ұлғайтудың екінші кезеңі болып табылады.  Дүниежүзілік энергетикалық салада қазіргі уақытта іске асырылып отырған ірі көлемді жобалардың бірі бола отырып БҰЖ СҚБЖ Теңіз кен орнындағы жыл сайынғы мұнай өндіру ауқымын шамамен 12 млн тоннаға ұлғайтуға есептелген, осы орайда жиынтық өндіру ауқымы жылына 39 млн тоннаға  өспек.

Біз саланың өсіп-өркендейтініне сеніммен қараймыз және Қазақстан Республикасының мұнай-газ компаниялары мен мемлекеттік органдарының тиімді әріптестігінің нәтижесінде Қазақстанның  мұнай-газ саласында тамаша жетістіктерге қол жеткізгенін мақтаныш тұтамыз. Мұндай әріптестік Қазақстанның  мұнай-газ саласының әлемдік деңгейде әрі қарай дамуына жол ашады.    

Сіздердің Форум барысында табысты еңбек етулеріңізге тілектеспіз!