Құттықтау хаттар

Қатысуға өтінім

Қанат Бозымбаев

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан XI Еуразиялық KAZENERGY форумының ұйымдастырушыларына,  қатысушылары мен қонақтарына хош келіпсіздер дегім келеді!

Алдағы  Форум тұрақты энергетика саласындағы ғаламдық мәселелерді талқылауға және нарықта өзара тиімді қатынастарды құру үлгісін қарастыруға арналғалы отыр. Форум KAZENERGY қауымдастығының мүше компаниялары қатысатын «Болашақ энергиясы» EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесінің басты оқиғаларының бірі болмақ. Осылайша, EXPO-2017 көрмесі баламалы энергетика саласындағы демонстрация  алаңы, ал KAZENERGY форумы – пікірталас платформасы болады, мұнда  әлем елдерінің үкіметтері мен халықаралық ұйымдар, дүниежүзілік энергетикалық бизнестің басшылары мен өкілдері әлемдік энергетикалық нарықтың заманауи тренділерін талқылап қана қоймай, сонымен бірге алдыңғы жұмыс тәжірибесін талдап, әрі қарайғы даму үрдістерін белгілейді. 

Қазақстан көмірсутекті шикізаттың қомақты қорын иеленіп отырғанына  қарамастан,  энергия үнемдеуге және энергия сыйымдылығын азайтуға ұмтылуда, бір бөлігін энергетика  құрайтын экономиканы тұрақты әрі қауіпсіз дамыту бойынша жобаларды белсенді  түрде енгізуде. Нағыз технологиялық жаңалық болып табылатын осындай жобалардың көпшілігі EXPO-2017 көрмесінде және  KAZENERGY форумында ұсынылады. Оларды іске асыру біздің елімізде жаңа экономикалық табыстарға жол ашатынына сенімдімін. 

Сіздерді осы шараларға қатысуға шақырамын.

Баршаңызға жемісті де  табысты еңбек тілеймін!