Құттықтау хаттар

Қатысуға өтінім

Бақытжан Сағынтаев

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан XI Еуразиялық KAZENERGY форумының барша қатысушылары мен қонақтарына хош келіпсіздер дегім келеді!

Бірнеше жылдан бері дүниежүзілік энергетикалық ұйымдар мен  трансұлттық корпорациялар, беделді сарапшылар Қазақстанның бас қаласы  - Астана қаласында саланың өзекті мәселелерін талқылап,  оларды шешу жолдарын қарастыру үшін бас қосады.

 Өз экономикасын жүйелі әрі үйлесімді дамытып, әлеуметтік және институционалдық  реформаларды табысты іске асыра отырған Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері өңірдегі тұрақтылық пен орнықтылықтың жарқын  үлгісі болып отыр.

Елбасы белгілеген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бүгінде Қазақстан әлемнің  дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруге табысты әрі жоспарлы түрде ұмтылыс жасауда. Бұл жолда Қазақстан да тартылған интеграциялық процестердің көрсететін көмегі зор болмақ.

Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында  EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған  көрмені өткізу энергия үнемдеу саласындағы озық әлемдік әзірлемелер мен  технологияларды аз уақыт ішінде елге тартуға, дәстүрлі және баламалы энергия көздерін баланстап пайдалануға және еліміздің энергетикасын әрі қарай тиімді дамытуға көмектеседі. 

KAZENERGY форумы  қатысушылар мен қонақтарға өз бизнес-алаңдарында осы мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.  Форум форматы  бойынша болашақ энергетикасының халықаралық аспектілері бойынша жоғарғы деңгейде ашық конструктивтік диалог  жүргізілмек.

Баршаңызға табыс тілеймін!