Құттықтау хаттар

Қатысуға өтінім

Бақытжан Сағынтаев

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан XI Еуразиялық KAZENERGY форумының барша қатысушылары мен қонақтарына хош келіпсіздер дегім келеді!

Бірнеше жылдан бері дүниежүзілік энергетикалық ұйымдар мен  трансұлттық корпорациялар, беделді сарапшылар Қазақстанның бас қаласы  - Астана қаласында саланың өзекті мәселелерін талқылап,  оларды шешу жолдарын қарастыру үшін бас қосады.

Тағы

Қанат Бозымбаев

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан XI Еуразиялық KAZENERGY форумының ұйымдастырушыларына,  қатысушылары мен қонақтарына хош келіпсіздер дегім келеді!

Алдағы  Форум тұрақты энергетика саласындағы ғаламдық мәселелерді талқылауға және нарықта өзара тиімді қатынастарды құру үлгісін қарастыруға арналғалы отыр. Форум KAZENERGY қауымдастығының мүше компаниялары қатысатын «Болашақ энергиясы» EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесінің басты оқиғаларының бірі болмақ.

Тағы

Тимур Құлыбаев

KAZENERGY Төрағасы

Құрметті әріптестер, Форум қонақтары!

Сіздерді  KAZENERGY қауымдастығы атынан ХI Еуразиялық KAZENERGY форумының жұмысына қатысуға шақырамын.

KAZENERGY форумы өңірдің энергетикалық секторындағы басты халықаралық оқиға болып табылады. Бұл дәстүрлі шараға әлем елдерінің Үкіметтері, халықаралық энергетикалық ұйымдар, дипломаттық өкілдіктер, энергетика секторындағы қазақстандық және шетелдік компаниялар, зерттеу институттары және консалтингілік агенттіктер зор ықылас танытып отыр.  Беделді  саяси тұлғалардың, дүниежүзіне танымал сарапшылардың қатысуы форумның табысы мен абыройын арттыра түспек.

Тағы

Тед А. Этчисон

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры

Құрметті  Форум қатысушылары!

 «Теңізшевройл» ЖШС атынан XI Еуразиялық KAZENERGY форумына қош келдіңіздер дегіміз келеді!

«Болашақ энергиясы»   EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өтетін бұл форум оның басты оқиғаларының бірі болатынына сенімдіміз.

Тағы