АЙЗАДА АҚҚАЙСИЕВА

АЙЗАДА АҚҚАЙСИЕВА

АЙЗАДА АҚҚАЙСИЕВА

KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының төрағасы, KAZMORTRANSFLOT UK LTD бас қаржы директоры

АЙЗАДА АҚҚАЙСИЕВА

KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының төрағасы, KAZMORTRANSFLOT UK LTD бас қаржы директоры

Аққайсиева Айзада 1991 жылы И. М. Губкин ат. Москва Мұнай және газ академиясын  экономика және мұнай мен газ өндірісін ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы экономика ғылымының докторы дәрежесін алды  (И.М. Губкин ат. Москва Мұнай және газ академиясы)

2015 жылдан бастап KAZMORTRANSFLOT UK LTD қаржы директоры қызметін атқарады. Өз қызметі шеңберінде компанияның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару бойынша мәселелерге жетекшілік етеді.

Осы уақытқа дейін ол Есенов ат. Ақтау университетінде (1992 ж.), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде (1999 ж.), Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінде (2000 ж.) еңбек етті. 2002 жылдан бастап 2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында басшы қызметтерді атқарды. 2015 жылғы қаңтардан тамызға дейін  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жұмыс істеді.

2013-2015 жж. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды. 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясының Академигі, сондай-ақ KAZENERGY Ханымдар энергетикалық клубының Төрайымы.

2018 жылда «Құрмет» орденімен марапатталды.

Аққкайсиева Айзада тұрмыста, 4 баласы бар.