Форум туралы

Қатысуға өтінім

Еуразиялық  KAZENERGY-2017 форумы

XI Еуразиялық KAZENERGY форумы EXPO-2017 «Болашақ энергиясы»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің (Астана қаласы, 2017 жылғы 10-маусым – 10-қыркүйек) басты шараларының бірі болмақ. Форум бағдарламасында тұрақты энергия көздерін тиімді басқару; энергия ресурстарын өндіру, сақтау және пайдалану; энергия көздерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;  климат өзгерістері және көмірқышқыл газының шығарындысын азайту; баламалы энергия көздерін пайдалануды ынталандыру; энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламаларды енгізу істерін бақылауға байланысты және басқа да  мәселелер  талқыланады.

Форум  БҰҰ аймақтық комиссияларының қамқорлығымен (Астана қаласында, 2017 жылдың 11-14 маусымы аралығында) өтетін «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» министрлік энергетикалық конференциясы мен 8-ші Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форумның шеңберінде басталған диалогтың жалғасы болмақ. Бұл шаралар әлем елдері үкіметтерінің және халықаралық ұйымдардың назарын тұрақты энергетика саласындағы ғаламдық мәселелерді шешуге аудартпақ. Оған қоса дүниежүзілік энергетикалық бизнес өкілдері мен басшылары саланы әрі қарай дамыту жолдарын  талқылайды және  өңірлік аспектілерге ерекше мән бере отырып тұрақты энергетиканы қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар жасайды.
Осылайша XI Еуразиялық KAZENERGY форумы EXPO-2017 жобасы, Министрлік  энергетикалық конференция және 

Тұрақты энергетика жөніндегі халықаралық форум шеңберінде тұрақты даму энергетикасы бойынша ортақ диалогқа  зор үлес қосады.

XI Еуразиялық KAZENERGY форумының негізгі тақырыбы: «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯҒА БАСТАР ЖОЛ»

KAZENERGY форумында болатын талқылаулардың түпкі мақсаты:

  • энергетика жүйесіндегі  табиғи ресурстардың рөлін қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада зерттеу;
  • энергетиканы тұрақты дамыту мақсаттарына қол жеткізуде өңірлік аспектінің маңызын арттыру;
  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергетиканың қоршаған ортаға әсерін азайту, жаңа экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді технологияларды енгізу және жаңармалы энергия көздерін баланстап пайдалану мәселелерін қарау;
  • энергетиканы дамытудың әртүрлі перспективтік бағыттары туралы қоғамға мәліметтер беру  деңгейін арттыру;
  • энергетика, экология және климат мәселелері бойынша көшбасшы энергетикалық компаниялардың пікірлерімен танысу.
  • Осылайша  Форум  болашақ энергиясының басты  сын-қатерлері тұрғысында  ағымдағы жағдайларды жете зерделеуге және ұлттық және халықаралық компаниялардың тұрақты даму саласындағы оңтайлы стратегияларды пысықтауына мүмкіндік   береді.

Биылғы жылғы форум екі күн: 2017 жылғы қыркүйектің 7-і мен 8-ында  болады. Форум бағдарламасында пленарлық және бағдарламалық секцияларды, сонымен қатар  ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, инновациялық мектеп, жастар форумы мен әйелдер энергетикалық клубының мәжілісін, форум қарсаңындағы шаралар кешенін өткізу қарастырылған.