Әсет Исекешев

Әсет Исекешев
Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы

1971 жылдың 17 тамызында Қарағанды қаласында туған, қазақ.

1994 жылы - Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, заң факультеті.

1998 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебі.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінде,Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеген.

2003 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2006 жылы "Қазына орнықты даму қоры АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары.

2007 - 2008 жылдары"Credit Swiss (Қазақстан) компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жылғы ақпанын – 2009 жылғы мамыр - Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі;

2009 жылғы мамырдан бастап- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі;

2010 жылғы наурыздан бастап- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылғы қантардан бастап- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылғы 6 тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мерекелік медалімен марапатталды.

"Құрмет орденімен марапатталды.