Эйнари Кисель

Эйнари Кисель
Өңірлік менеджер, Европа
Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес

Эйнари Кисель 1972 жылы 25-мамырда Таллинде туды. Таллин Техникалық университетінің жылу-энергетика және бизнес басқару бойынша 2 дәрежелі магистрін алды.

Кисель мырза Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңестің Еуропа мәселелері бойынша Өңірлік менеджері болып табылады. 2012-2014 жылдары ДЭК еуропалық саясат мәселелері бойынша  Аға ғылыми қызметкері болып табылады.

Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңеске жұмысқа келгенге дейін 10 жыл бойы Эстонияның Экономика және коммуникация минстрлігінің Энергетика бойынша Мемхатшысының орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылға дейін 7 жыл бойы Эстонияның «EestiEnergia» инженерлік желісінде жұмыс істеді, соңғы жылдары Сауда жөніндегі директор қызметін атқарды. в

Осылармен бірге, Эстония Аккредиттеу Орталығы Кеңесінің мүшесі (2008-2012 жж.), Эстония  мұнай қорларын жинақтау агенттігі кеңесінің Төрағасы (2005-2008 жж.), Эстония ДЭК мүшелік комитетінің құрылтайшысы (2004), мүшелік комитеттің Вице-төрағасы (2004-2012 жж.)  және Эстония жылу-энергетиктер қауымдастығының құрылтайшы-мүшесі болды (2000 жылдан  бастап).

Қазіргі міндеттерінің аясында ДЭК барлық 35 еуропалық комитеті-мүшелерінің, сонымен қатар Еуропалық комиссия сияқты мекемелер мен компаниялардың қатынастарының дамуына жауапты. Сонымен қатар Дүниежүзілік Энергетикалық трилемманың жұмыстарын жүргізу шеңберінде Энергия тұрақтылығы индексінің әдіснамасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Энергетикалық саясат саласындағы көпжылдық тәжірибесінің және  ағылшын, орыс және фин тілдерін білуінің арқасында Кисель мырза әртүрлі халықаралық шараларда баяндамашы ретінде Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңестің атынан өкілдік етеді.

2003 жылы н Кисель мырза Еуропалық Одаққа кіру бойынша келіссөздерде жетістіктерге қол жеткізгені үшін Эстония Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталды.