Эдвард Чоу

Эдвард Чоу
Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының
Энергетика және ұлттық қауіпсіздік бағдарламасының аға ғылыми қызметкері (CSIS)

Эдвард Чоу –  осы саладағы 35 жыл бойы жинақтаған жұмыс тәжірибесі бар энергетика мәселелері бойынша халықаралық сарапшы болып табылады. Ол Азия, Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Америка, Еуропа, Ресей және каспий маңы өңірінде жұмыс істеді.   Ол мемлекеттік саясат пен бизнес стратегиясын әзірледі, сонымен қатар  кешенді, бірнеше миллиардтық және халықаралық  іскерлік кәсіпорындармен табысты келіссөздер жүргізді.  Ол экономикасы дамушы елдердегі мұнай-газ саласын инвестициялау мәселелерімен айналысады.   Үкіметке, халықаралық қаржы институтарына,  ірі мұнай компаняиларына және жетекші халықаралық корпорацияларға  кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

Чоу  АҚШ-тағы Chevron Corporation компаниясында шетелдік өкілдіктерде  20 жыл еңбек етті.  Калифорниядағы корпорацияның штаб-пәтерінде  халықаралық қатынастар бөлімін басқарды. Ол халықаралық коммерциялық келіссөздер бойынша жүргізілетін келіссөздерде маңызды рөл атқарды.  Вашингтондағы  Chevron   бас халықаралық өкілі  болып еңбек ете жүріп  ол  Ақ Үймен, АҚШ Конгресімен, федералдық департаменттерімен, халықаралық қаржы институттарымен және агенттіктерімен, шетелдік үкіметтермен, халықаралық қаржы институттарымен және сыртқы саяси қоғамдастықпен  дүниежүзі бойынша энергетикалық инвестицияларға халықаралық экономикалық саясаттың әсері  мәселелері бойынша  тығыз қарым-қатынас жасады.  1989 жыл және 1991 жыл аралығында ол Пекинде Қытайдағы Chevron өкілдігінің басшысы  дәрежесінде жұмыс істеді.  Чоу  Огайо штатының  Университетін экономика бакалавры және халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен бітірді.  Ғылыми мәселелер және сыртқы саясат  бойынша жетекші журналдарға  энергетиканың жаһандық дамуы тақырыбында мақалалар жариялады; АҚШ, Еуропа және Азияның  университеттерінде және аналитикалық орталықтарында энергетика мәселелері бойынша халықаралық конференцияларда сөз сөйледі; сондай-ақ ірі БАҚ-тарда мақалалар жариялады.