Франсуа Фийон

Франсуа Фийон
Премьер-министрі (2007-2012)
Франция

Франсуа Фийон 2002-ші жылы UMP мүшесі ретінде Жан-Пьер Рафариннің тұсында Еңбек қорғау министрі болып сайланып, Францияның аптасына 35-сағат жұмыс істеу заңы мен зейнетке шығу жүйесінің, көп дау-дамайға ұласқан реформасын жасады. 
Ол 2004-ші жылы Білім беру Министрі болып сайланып, Білім беру саласына қатысты, көп талқыға салынған Филлон заңын ұсынды. Ол 2005-ші жылы Доминик де Виллепин басқарған жаңа Үкіметтің құрамына кіре алмады, бірақ Сарте префектурасынан сенатор болып сайланды. 
Никола Саркозидің президент болудан үміткер болып жүрген кезінде өткізген кампаниясының саяси кеңесшісі болуының арқасында Премьер-министр болып сайланды. Ол 2012-ші жылғы президенттік сайлауда Саркозидің Франсуа Холландтан ұтылып қалуына байланысты өз орнын босатты.
Франсуа  Фийон 2007-2012-ші жылдары Францияның премьер-министрі болды.