Урбан Руснак

Урбан Руснак
Бас хатшысы
Энергетикалық Хартия

Руснак мырза Словакия азаматы болып табылады. Ол 1990 жылы И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын бітіріп, 1998 жылы Анкара университетінің Әлеуметтік ғылымдар институтында докторлық диссертация қорғады. 2009 жылы Киев славистикалық университеті Руснак мырзаға ғылым докторы Құрметті дәрежесін (Honoris Causa) берді.

1994 жылдан бастап, Руснак мырза Түркиядағы словак елшілігіндегі өкілдік басшысының орынбасары болды. 1998-1999 жылдар аралығында СІМ халықаралық мәселелер жөніндегі журналының бас редакторы болып жұмыс істеп, халықаралық қатынастар, энергетикалық қауіпсіздік, Каспий өңірінде мұнай-газ мәселенамасы және дамуға жәрдемдесушілік жөнінде бірқатар публикациялар авторы болып табылады. 2000 жылы ол Братиславадағы Халықаралық Вышеград қорын және Словакия Халықаралық зерттеулер институтын басқарды. Бұдан басқа, Руснак мырза 2005-2009 жылдар аралығында Киев славистикалық университетінде және Братислава Экономикалық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде дәріс оқыды. 2003 жылдан бастап Словакия Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Саяси талдау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2005 жылдан бастап төрт жыл барысында Словакия Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды. Сыртқы істер министрлігінде Оңтүстік Кавказ, Орта Азия, ТМД және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері бойынша референт қызметін атқарды. Энергетикалық Хартия Хатшылығына келмей тұрып, Руснак мырза Словакия Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеп, Словакияның сыртқы энергетикалық қауіпсіздігі жөніндегі жобаны басқарды.

2012 жылғы қаңтардан қазіргі уақытқа дейін Руснак мырза Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы қызметін атқаруда.