Тимур Құлыбаев

Тимур Құлыбаев
Төраға
«KAZENERGY» Қауымдастығы

Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математикалық мектептің  1983 жылғы түлегі. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша білім алған. Мамандығы – экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолының басында Құлыбаев мырза 1988-1990 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау жанындағы экономикалық жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. 1990-1992 жылдары Қазақстанның мәдени-әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму Қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры қызметін атқарған. 1992 жылдан бастап «Алтын-Алма» концернінде басшылық қызметке тағайындалды. 1995 пен 1997 жылдар аралығында Алматыдағы сауда-қаржы банкі бақылау кеңесінің төрағасы болды. 1997 жылы Тимур Құлыбаев Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік комитеті жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі. Сонымен қатар  «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті. 1999 жылдан 2001 жылға дейін  «ҚазТрансОйл» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ Президенті.

2001 жылдан бастап Тимур Құлыбаев мырза «ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» компаниялары негізінде құрылған «Мұнай мен Газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры болып еңбек етті. 2002 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта «ҚазақОйл» мен «Мұнай мен Газ тасымалдау» ұлттық компанияларын біріктіру арқылы жаңадан құрылған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті қызметін атқарды. Сондай-ақ, 2006-2007 жылдары ол «Самұрық» Қазақстан мемлекеттік активтерді басқару Холдингі» АҚ басқарма төрағасының Орынбасары. Одан соң 2008 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының Орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2005 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің

Штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. 2005 жылдың 10 қарашасынан бастап Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығын басқарады. 2011 жылы 13 сәуірде «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы болып сайланды. 2012 жылдың 15 наурызда осы қызметке қайта сайланды.

Тимур Құлыбаев Қазақстан мен Ресей компанияларының директорлар Кеңесінің мүше. 2006 мен 2007 жылдары және 2008 бен 2011жылдары «KEGOC» Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы» АҚ директорлар Кеңесіне Төрағалық етті. 2006 мен 2007 жылдар және  2009 бен 2012 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар Кеңесінің Төрғасы. 2008 бен 2012 жылдары «Казатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды. Ал 2009 бен 2011 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы болды. Тимур Құлыбаев 2009 бен 2011 жылдар аралығында «ҚазақстанТемірЖолы» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 2011 жылдан бері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі болды. 2011 жылдың маусым айынан бері «Газпром» ААҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.

Халықаралық қызмет аясында Тимур Құлыбаев мырза 2010 жылдың қазан айынан бері стратегиялық әріптестік жөніндегі қазақ-герман іскерлік кеңесінің Тең төрағаларының бірі.

2004 жылдан бастап қоғамдық жұмысқа белсене кіріскен ол «ҚР ұлттық гольф федерациясы» Республикалық Қоғамдық бірлестігі Республикалық Федерациясы Кеңесінің Құрметті мүшесі. Тимур Құлыбаев 2008 жылдан бері Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (WorldPetroleumCouncil) жанындағы Қазақстандық ұлттық комитетінің Төрағасы. 2009 жылы Қазақстан бокс федерациясының Президенті болып сайланды. 2010 жылдан бері ҚР Ұлттық олимпиада Комитеті атқару комитетінің мүшесі. 2011 жылдан бастап Талғар қаласындағы мамандандырылған «Арыстан» лицейі қамқоршылар кеңесінің Төрағасы. 2012 жылдан бері Халықаралық Бокс Қауымдастығының (AIBA) Вице-президенті, атқару комитетінің мүшесі.

2001 жылы «Құрмет» Орденімен марапатталды. 2009 жылы үшінші дәрежелі «Барыс» Ордені тапсырылды. Сонымен қатар 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі, 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі, 2011 жылы «Құрметті теміржолшы» медальдарының иегері. 

Тимур Құлыбаев сондай-ақ 2007 жылы Ресейдің «Дружба» орденімен мараптталған.