Теменужка Петкова

Теменужка Петкова
Энергетика министрі
Болгария Республикасы

Теменужка Петкова Болгариядағы София қ. Ұлттық және дүниежүзілік экономика университетін бітірді. Бухгалтерлік есеп және бақылаусаласындағы магистр дәрежесін алды. Ирландия және  Ұлыбритания қаржы министрлігінің мемлекеттік секторында ішкі аудитті оқып-үйренді,сонымен қатар  Португалия Қаржы министрлігінің мемлекеттік қаржы инспекциясы саласында даярлықтан өтті.

1992 жылдан бастап  2000 жылға дейін Теменужка Петкова  Мемлекеттік қаржы бақылауы мәселелері бойынша басқарманың метрополитенінде аудитор және қаржы сарапшысы қызметін атқарды.  Ол өзінің мансаптық қызметін Мемлекеттік қаржы иснпекциясы агенттігінде жалғастырды, онда ол мемлекеттік ішкі аудитор және  бөлім басшысы қызметін атқарды. 2007 жылы  Мемлекеттік қаржы иснпекциясы агенттігінің (PFIA) Инспекциялық қызметтерді жүзеге асыру бойынша ұйымы мен Басқармасының директ оры лауазымына тағайындалды.  2010 және 2013 жылдар аралығында  Мемлекеттік қаржы иснпекциясы агенттігінің  директоры қызметін атқарды.

Теменужка Петкова уақытша Болгария  Үкіметінде Премьер-министр Профессор  Георгием Близнашкидің ұсынысымен  Қаржы Министрінің  уақытша Орынбасары лауазымын атқарады. Қаржы Министрінің  Орынбасары  бола отырып Теменужка Петкова  Қаржы министрлігінің Салық салу және ішкі  бақылау  басқармасына, Табыс жөніндегі ұлттық агенттікке,  Кеден қызметіне, Мемлекеттік қаржы инспекциясы агенттігіне және Құмар ойындар мәселелері бойынша мемлекеттік комиссияға жауапты болды.