Серкан Икарбаба

Серкан Икарбаба
Кеңесші заңгер Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі
Туркия

2003 жылы Серкан Йикарбаба Анкара Университетінің заң факультетін аяқтады, ал 2005 жылы Анкара Адвокаттар Қауымдастығына адвокат қызметіне қабылданды.

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінде кеңесші заңгер қызметін атқарады, инвестициялық дауларға көбірек көңіл бөлінетін халықаралық арбитражға маманданған. Министрлікте кеңесші ретінде жұмыс істеді, сондай-ақ Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықта (ИДРХО), Стокгольм сауда палатасында (ССП) және ММК-да арбитраждық істерді қарастыратын лауазымды тұлға қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Йикарбаба мырза ішкі әкімшілік істерде адвокат ретінде Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің атынан әрекет етеді, сондай-ақ, қажеттілік туындаған жағдайда, электр энергиясы нарығына қатысты заңнамалар жобасын құру барысында заңгерлік кеңестер мен қорытындылар береді.

Серкан Йикарбаба – көптеген кәсіптік бірлестіктердің, оның ішінде Түрік Адвокаттар Қауымдастықтары Одағының, Түрік Нотариустары Одағының, Анкара Адвокаттар Қауымдастығының және Европалық Одақ кеңесшілері Қауымдастығының мүшесі.

Жарияланымдары

Түркия Республикасының әкімшілік ұйымдастырылуы жөніндегі анықтамалық (2014 ж.)

Түрік аграрлық құқық сөздігі, Түрік-ағылшын, (2011)