Саймон Флоуерс

Саймон Флоуерс
Аға вице-президенті
Жаһандық индустрия және корпоративтік зерттеулер Wood Mackenzie

Саймон Флоуерс макро үрдістер мен өнеркәсіп үрдістерін, шығарындылар мен сіңірулер саласындағы корпоративтік талдау және зерттеу топтарын қамтитын Жаһандық индустрия  және Корпоративтік зерттеулер секторын басқарады. Оның мұнай,  газ және тау-кен металлургия секторында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар және стратегиялық мәселелер бойынша көптеген компаниялармен жұмыс істеді.   

Саймон бұрын 1998 жылдан бастап BofA Merrill Lynch компаниясында  акциялар нарығы бойынша талдаушы дәрежесінде  жұмыс істеді. Ол негізгі энергетикалық жүйелерді қамтитын энергия құралдары жүйесінің жалпы еуропалық зерттеулерінің басшысы болды. Оның командасы осы секторда  соңғы онжылдықта көшбасшылар үштігінде болды.  Саймон Enel, Gaz de France және Electricite de France қоса алғанда,  есептік кезең ішінде осы сектордағы ірі жекешелендірулерге қатысты.

Саймон 1992-98 жж. біртіндеп рейтингілерде 1-ші орынды иелене отырып, барлау және өндіру, газ өнеркәсібін қамтитын  NatWest Markets  мұнай талдаушысы болды. NatWest компаниясына жұмысқа келгенге дейін ол  Сиднейдегі Ord Minnett Securities австралиялық нарықтағы тау-кен өндіру және энергетика секторының талдаушысы дәрежесінде қызмет етті.  

Саймон Эдинбург Университетін  геология мамандығы бойынша аяқтады және   Нидерланды және Мысырда мұнай өнеркәсібінің геологы болып екі жыл қызмет атқарды.  Саймон бастапқыда 1983 жылы Wood Mackenzie  компаниясына  Солтүстік теңіз және солтүстік-батыс еуропалық қызметтерде талдаушы дәрежесінде жұмысқа орналасты.

Саймон жиі-жиі BBC, FT, WSJ және басқалары сияқты медиаларда жаһандық энергетика туралы сарапшылық тұжырым беріп тұрады.